«Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымы ауыл тұрғындарын баспанамен қамтыды

09 қыркүйек, 2023

ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) өндірістік-құрылымдық бөлімшесі «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ комитеті мүшелерінің қолдауы нәтижесінде ембілік мұнайшылар Исатай ауданындағы екі отбасыға баспана алып берді.

Қоныс тойын тойлағандардың бірі – Аққыстау селосының тұрғыны, 1-топ мүгедегі  Тарен Нұрғалиев. Ол ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерде тұрып келеді. Ал, Нарын ауылында тұратын Байжұма Мұхамбетовтың тұрғын үйі санитарлық талаптарға сай келмейді. Сондықтан, оларға жаңа баспана алып беруге көмектесу туралы шешім қабылданды.

«Осындай игі бастамаға үн қосып, бірауыздан қолдағандары үшін мұнай-газ өндіру басқармамыздың ұжымы мен кәсіподақ ұйымына алғыс айтамын. Бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде қос отбасы қуанышқа кенелді», - дейді «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Азамат Мангибаев. 

Айта кеткен жөн, осы бағыттағы қайырымдылық шараларына үн қосу – Ембі мұнайшыларының дәстүрлі іс-шараларының бірі. Былтыр, «Ембімұнайгаздың» 100 жылдығы аясында жылыойлық қара алтын өндірушілер осындай ізгі іс-шара өткізсе, таяуда «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымы өз жалақылары есебінен Мұқыр ауылының тұрғыны – жалғызбасты ана Нұржамал Жарқыноваға баспана алып берген болатын.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.