ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «Ембімұнайгаз» АҚ сала мамандарын марапаттады

08 қыркүйек, 2023

Кәсіби мерекеге орай, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) барлық өндірістік-құрылымдық бөлімшелері мен екі басқармада (ӨТҚжЖК және Ембімұнайэнерго) салтанатты іс-шаралар өтті.

Үздік еңбек нәтижелерін көрсеткен бір топ қызметкерлерге ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық марапаттары және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ және салалық кәсіподақ пен ЕМГ кәсіподақ ұйымдарының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды.

Компания басшылығы ел экономикасын жақсарту жолында ембі өндірісінде еңбек ететін мамандардың жоғары кәсібилігі мен абыройлы қызметтерін атап өтті. Сонымен қатар, «қара алтын» өндірісінің қайнар бастауында тұрған, саланың дамуында айшықты қолтаңбаларын қалдырған аға буын мұнайшыларды да айрықша атап, құрмет көрсетті.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.