«Ембімұнайгаз» АҚ «Мерейлі мұнайшы» байқауының жеңімпаздарын анықтады

28 тамыз, 2023

«Ембімұнайгаз» АҚ-ы «Мерейлі мұнайшы» корпоративті байқауын қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурсты ұйымдастырушы – ЕМГ «Мұнайшы қыз» клубы. Байқау мақсаты – компанияішілік коммуникация мен корпоративтік тұтастықты дамыту. Қауіпсіздік мәдениетін ілгерілету және салауатты өмір салтын насихаттау.

Байқау шартына сәйкес, өндірістік ұжымдар түрлі форматтарда дайындалған (видеоролик, тик-ток, лайф-репортаж, видеоскетч) түсірілімдер арқылы өз жұмыс орыны/кабинет/демалыс орны (жатақханадағы бөлме), қауіпсіз өндіріс және салауатты өмір салты туралы баяндауы қажет.

Атап өткен жөн, мұнайшылар аталған байқауға белсенді қатысумен қатар, жауапкершілік танытып, креативті көзқарастарын да білдірді. Әділқазылар алқасының талқылауына 4 мұнай-газ өндіру басқармалары мен «Ембімұнайэнерго» басқармасының бригада, участок, цех ұжымдарынан 24 жұмыс ұсынылды.

- «Мұнайшы қыз» клубының «Мерейлі мұнайшы» жобасы – ішкі коммуникацияны дамыту құралы болумен қатар, қауіпсіз еңбек ережелері мен салауатты өмір салтын Қоғамда насихаттауға зор ықпал ететін құралдың бірі», деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов жеңімпаздарды марапаттау шарасында. 

Байқау нәтижесі төмендегідей:

«Біздің жұмыс орнымыз» номинациясы:

1-орын – «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының №1 С.Балғымбаев мұнай-газ өндіру цехы.

2-орын – «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Шығыс Мақат мұнай-газ өндіру цехы.

3-орын – «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жылу, су, газбен қамсыздандыру бөлімшесінің ұжымы.

«Қатерсіз өндіріс» номинациясы:

1-орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының Прорва аудандық электр торабы.

2-орын – «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Кенбай мұнай-газ өндіру цехы.

3-орын – «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Ботақан мұнай-газ өндіру цехы.

«Салауатты цех» номинациясы:

1-орын – «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы №1 С.Балғымбаев мұнай-газ өндіру цехы (лайф репортаж).

2-орын – «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Қосшағыл мұнай-газ өндіру цехы.

3-орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының аудандық электр торабының құрама командасы.

Жеңімпаздар диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Байқау қорытындысы бойынша «Жылыоймұнайгаз» және «Жайықмұнайгаз» басқармалары ұжымына белсенді қатысқаны үшін диплом табысталды.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Гүлжан ӘмІрова: G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.