«Ембімұнайгаз» АҚ-да – жаңа Бас директор

05 наурыз, 2023

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Сәбит Арынов тағайындалды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы алдында жаңа басшыны таныстырды.

Сәбит Арынов 1977 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақ ұлттық техникалық университетін «пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойынша бітірген (1999). Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие (МВА), Назарбаев университеті.

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау мұнай айдау стансасында технологиялық құрылғыларды жөндеу жөніндегі слесарі болып бастаған. Кейін Атырау мұнай құбыры басқармасының инженер-механигі болды.

2000-2002 жылдары – Атырау су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасының магистральдық құбырлар және жабдықтарды пайдалану қызметінің инженері.

2002-2005 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының пайдалану бөлімінің инженері, орталық диспетчерлік пункттің диспетчері, диагностика жөніндегі инженері, мұнай құбырын пайдалану бөлімі бастығының орынбасары.

2005-2007 жылдары – Орал мұнай құбыры басқармасының магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің басшысы.

2007-2008 жылдарда – «Терминалекс» ЖШС Бас директоры. 2008-2009 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері, 2009-2017 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының басшысы лауазымын атқарды. 2018 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының орынбасары болды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап - «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘМІРОВА:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.