Ақтау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

14 қараша, 2022

Мәжіліске «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің (бұдан былай ЕМГ) төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары және Ақтау қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдігінің директоры Құрманғазы Есқазиев, ембіліктерге компанияның 100 жылдық мерейтой бағдарламасын жоғары деңгейде өткізгені үшін алғысын білдірді. 

Директорлар Кеңесінің отырысында ЕМГ 2023 жылғы бюджеті, сонымен қатар 2023-2027 жылдарға арналған бизнес-жоспары бекітілді. Бұдан өзге, компанияның 2022 жылғы 9 айдағы өндіріс және басқа да қызметінің   қорытындысы, 2022 жылдың соңына дейін күтілетін болжамы тыңдалды.