Дамудың 100 жылы: «Ембімұнайгаз» АҚ ғасырлық қызметінің қорытындысын шығарды

12 қазан, 2022

"Ембімұнайгаз"АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 28-ші Қазақстандық халықаралық «Мұнай және Газ» көрмесінің    аясында БАҚ үшін баспасөз конференциясын өткізді. Онда Компания басшылығы өндірістік және қаржылық қызмет, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік туралы кеңінен айтып берді.

         Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен «Ембімұнайгаз» АҚ қазақстандық мұнай өнеркәсібінің негізін қалаушы болып табылады. Кәсіпорынның тарихы Доссор және Мақат кен орындарын игеру үшін "Ембімұнай" тресі құрылған 1922 жылдан бастау алады.

         Ембі кен орындарын игеру өнеркәсіптің жаңа салаларының, атап айтқанда мұнай өңдеу мен мұнай құбыры жүйесінің пайда болуына және қалыптасуына себеп болды. Ембі геологтары Қазақстанның батыс өңірлеріндегі   ірі кен орындарының, Маңғышлақ түбегіндегі Теңіз, Өзен және Жетібай, Ақтөбе облысындағы Жаңажол сияқты кеніштердің алғаш ашушылары мен ізашарлары болып табылады.

Бүгінде «Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ компаниялар тобының ірі өндіруші кәсіпорындарының бірі болып табылады. Оның құрамында «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» 4 мұнай-газ өндіру басқармасы, сондай-ақ  «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау (ӨТҚжЖК)  және "Ембімұнайэнерго" басқармалары бар.

Компанияның балансында 46 кен орны бар, оның ішінде игерілетіні-32, барланатыны-4, 10 кен орны консервацияда. Егер өткен жылы ЕМГ 2,5 млн тонна мұнай өндірсе, осы жылдың жеті айында - 1,5 млн тонна қара алтын өндірді. Ал жүз жыл ішінде 188 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген.  

        Айта кету керек, «Ембімұнайгаз» АҚ Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің қатарына кіреді.  

         "2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін компания мемлекет қазынасына 491 млрд.695 млн. теңге төледі. 2022 жылы 155 млрд. 730 млн. теңге сомасында салық төлеу жоспарлануда", -деп атап өтті Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

         Сонымен қатар, ЕМГ Атырау облысының экономикасына қомақты үлес қосуда. Соңғы 10 жылда компания мұнайлы өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 5,7 млрд.теңге және демеушілік пен қайырымдылық шараларына  3,9 млрд. теңге аударды.

          Ғасырлық тарихы бар Компания өндірістік процестерде жаңа технологияларды табысты пайдалана отырып, уақытпен бірге қадам басып келеді.  Атап айтсақ, "Қайнармұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының  УАЗ кен орнында енгізілген, өзінің тиімділігін көрсеткен "Интеллектуалды кен алаңы" пилоттық  жобасы қазір компанияның өзге мұнай-газ өндіру басқармаларына   сәтті таратылуда.  Ал, "Сапарларды басқару" жобасы осы жылдың қыркүйек айының басында Астанада өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бас директорларының жетінші жыл сайынғы форумында көлік қауіпсіздігі саласындағы үздік жоба ретінде аталып өтті.  

 

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның Қоғаммен байланыс қызметі тобына хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.