«Ембімұнайгаз» АҚ-да 100 жылдық мерейтойға арналған спартакиада өтті

27 маусым, 2022

20-26 маусым күндері аралығында Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 100 жылдығына орай компанияға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелер арасында спартакиада өтті. Спорттың 5 түрінен өткен жарысқа 200-ге жуық қызметкер қатысты.

- «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмысшылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса басымдық беріледі. Осы орайда, компанияішілік спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы жарыс Ембінің 100 жылдығына орайластырылып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі ҚМГ АҚ) еншілес мекемелері арасында өтетін спартакиадаға іріктеу турнирі болып табылады. Бір апта бойы бізге спорттық мерекелік көңіл-күй сыйлаған командларға алғысымызды білдіреміз, - дейді ЕМГ әлеуметтік саясат және  әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық КАЛИДУЛЛИН.

Спартакиада қорытындысына тоқталсақ:

 

Волейбол (ерлер арасында):

І орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ командасы

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ командасы

ІІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ командасы

 

Волейбол (әйелдер арасында):

І орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ командасы

ІІ орын – «Орталық басқару аппараты» командасы

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ командасы

 

Баскетбол (ерлер арасында):

І орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ командасы

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ командасы

ІІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ командасы

 

Ерлер арасында жүзу (40 жасқа дейін):

І орын – Миллат Идрисов («Ембімұнайэнерго» басқармасы) 

ІІ орын – Азамат Ермұханов («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Марсель Аккушимов («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Ерлер арасында жүзу (40 жастан жоғары):

І орын – Ақылбай Елемесұлы («Ембімұнайэнерго» басқармасы) 

ІІ орын – Әсет Қайров («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Айболат Ахметов («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Әйелдер арасында жүзу:

І орын – Гұлбаршын Саркулова («Доссормұнайгаз» МГӨБ) 

ІІ орын – Әйгерім Талғатқызы («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

 

Жеңіл атлетика (400 м ерлер арасында):

І орын – Әлібек Шыныбаев («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) 

ІІ орын – Жұмабай Молдашұлы («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Батырбек Джунусов («Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасы)

 

Жеңіл атлетика (100 м әйелдер арасында):

І орын – Жанар Сәрсенғалиева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) 

ІІ орын – Айнұр Танкашева (Орталық басқару аппараты)

ІІІ орын – Ұлпан Тұрғанбайқызы (Орталық басқару аппараты)

 

Жеңіл атлетика (400 м эстафета):

І орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ 

ІІ орын – Орталық басқару аппараты

ІІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ

 

Үлкен теннис:

І орын – Ғазиз Қаражігітов («Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасы) 

ІІ орын – Асхат Ғинаятов (Орталық басқару аппараты)

ІІІ орын – Жазылбек Құлбаев («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Айта кетейік, ҚМГ АҚ-ның еншілес мекемелері арасындағы спартакиада биыл тамыз айында Атырауда өтеді.

 

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.