Ембімұнайгаз Қазақстанның Еңбек Ері И.Жақановтың шығармашылық кешін ұйымдастырды

05 мамыр, 2022

     «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ұйымдастыруымен Махамбет атындағы  Атырау облыстық академиялық драма театрында композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, өнертанушы, суретші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановтың шығармашылық кеші өтті.

     Салтанатты шараға өнер иесі, облыс әкімінің орынбасары Н.Таушов, облыстық мәслихат хатшысы Ә.Нәутиев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстың еңбек ардагерлері мен «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы қатысты.

     Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Ақорда төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ руханиятын дамытуда өшпестей із қалдырған Илья Жақановқа «Қазақстанның Еңбек ері» атағымен марапаттаған болатын. Салтанатты жиын барысында сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан бұл көрнекті композитор, жазушы, өнертанушы, сөз өнері мен саз өнерінен қонған қасиетті қатар ұстап, қылқаламды жанына серік еткен біртуар тұлғаға берілген лайықты марапат екендігін атап өтті. 

     - Сіз – қазақ мәдениетінің тұғырлы және көрнекті тұлғасысыз. Әуезді әндеріңіз, әдеби туындыларыңыз және зерделі зерттеулеріңіз ұлт руханиятына қосылған құнды қазына болып табылады. Қазақ халқының рухани байлығын еселеп, ұлттық музыка өнерін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін ембілік мұнайшылар атынан алғысымды білдіремін, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

     Кеш барысында Илья Жақановтың өмір жолы мен шығармашылығынан үзінділер келтірілген театрландырылған қойылым және концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.  

     Өнер кеші соңында Илья Жақанов сөз алып, биыл ғасыр тойын атап өтіп жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымына өзіне көрсетілген құрметі үшін алғысын білдірді.

     Илья Жақанов – қазақтың маңдайына біт­кен ком­­позитор, жан-жақты талант иесі. Екі жүзге жуық әндердің авторы «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Қарабура» сынды тарихи топтамаларды жарыққа шығарған Илья Жақановтың қазақтың мәдениет пен өнер саласында өшпестей із қалдырды. Оның әндері де – ешкімге ұқсамайтын өзгеше туындылар. 

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.