«Ембімұнайгаз» АҚ жұмысшылары 3 мыңға жуық көшет отырғызды

25 сәуір, 2022

Өңірді көркейту және көгалдандыру айлығына «Ембімұнайгаз» АҚ-ның орталық басқару аппараты мен барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Мәселен, «Мекенім – жасыл орманым» акциясы аясында «Доссормұнайгаз» МГӨБ қызметкерлері Доссор кентінен арнайы бөлінген аумаққа 200 жасыл желек отырғызса, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұжымы Жамансор базасының аумағында қоғамдық жұмыс күнін ұйымдастырды. Жатақхана, асхана, кеңсе маңы тазаланып, 50 түп жас көшет отырғызылды.

               «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымы Исатай аудандық әкімдігі тарапынан бөлінген Аққыстау ауылындағы арнайы аумаққа 210 түп көшет отырғызды. Болашақта бұл жер Мұнайшылар саябағы деп аталмақ.

               «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қызметкерлері басқарма айналасында, жатақханаларда көгалдандыру, абаттандыру, тал егу жұмыстарын жүргізді. Жалпы, басқарма бойынша 500-дей тал егілді.

        Ең ауқымды көшет отырғызу шарасы Қайыршақты ауылдық округінің Талғайран елдімекенінде ұйымдастырылып, орталық басқару аппараты қызметкерлері «Ембімұнайэнерго» және «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармаларының ұжымдарымен бірлесе отырып, 2 га аумаққа екі мыңға жуық жас ағаш отырғызды.

                Жалпы, көгалдандыру науқанында Ембі мұнайшылары 3 мыңға жуық қарағаш, шаған көшеттері мен шырша отырғызды.

           

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz   тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛҒАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.