«Ембімұнайгаз» АҚ-да Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

29 наурыз, 2022

Наурыз, 2022 жыл                                                                                                    Атырау

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының шешімімен Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және төрағасы болып сайланды.

Қ. Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Томск политехникалық университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілік дәрежесіне ие болды. 2021 жылы И.М.Губкин атындағы мұнай және газ Ресей мемлекеттік университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесіне иемденді. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015 ж.), И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу-барлау» кафедрасының профессоры.

Еңбек жолын 1985 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде оператор-коллектор болып бастады. Онда операторлықтан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорына дейінгі өндірістік қызметтің барлық сатысынан өтті.

2006 - 2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, директоры болды.

2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚМГ-да мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, Басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жөніндегі басқарушы директор, геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылға дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

2018-2020 жылдар аралығында ҚМГ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервис жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

2022 жылдың ақпан айынан бастап - ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.