2017 жылдың маусым айында Компания ірі жобаны – Прорва кен алаңдары тобында ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысын іске қосты. Қондырғы жылына 150 млн текше метр қуаттылықпен жұмыс жасайды. Қондырғы Атырау облысының Жылыой аумағындағы Прорва кен алаңдары тобында ілеспе газды тазартуға арналған.
Қазіргі таңда Қондырғыдан алынған тауарлы газ «Орта Азия – Орталық» магистралды газ құбырына дейін жіберіліп, Прорва кен алаңдары тобында газды ауаға жағуды мейлінше азайтуда.
Кешенді газ өңдеу қондырғысында қолданылатын Merichem компаниясының LO-CAT технологиясы бойынша жұмыс жасайтын күкірт алу қондырғысы экологиялық таза және күкіртсутегін зиянсыз элементтік күкіртке айналдырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Газды дайындау үдерісі толықтай автоматтандырылған және апаттық жағдайларға қарсы бірнеше кезеңдер қарастырылған. Қондырғыда жыл сайын тауарлы газ, тұрақты газ конденсаты – 4,1 мың тонна және түйіршіктелген күкірт – 2,7 мың тонна.
Ілеспе газды дайындайтын мұндай қондырғылар 2012-2013 жылдардан бері Кмпанияның Шығыс Мақат және С.Балғымбаев кен алаңдарында жұмыс жасап, Атырау облысының үш ауданы тұрғындарын жеңілдетілген бағаға табиғи газбен қамтамасыз етіп келеді.
Бекітілген Бизнес-бастамалар шеңберінде операциялық тиімділікті және экономикалық табыстылықты арттыру мақсатында Компания қазіргі уақытта «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Солтүстік Уаз және Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның Оңтүстік Батыс Қамысты, Гран кен орындарында ілеспе мұнай газынан электр энергиясын алу бойынша пилотты жобаларды іске асыруда. Бұл жобалар газ поршенді және газ турбиналы электр стансаларында электр энергиясын өндіру арқылы ілеспе мұнай газын одан әрі өз қажеттіліктеріне пайдалануды көздейді. Жобаны іске асыру қосымша мұнай өндіруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Компанияның әлеуметтік және өндірістік нысандарын тәуелсіз электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.
Кәсіпорын қол жеткізген нәтижелермен шектелмейді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстанның ресурстық базасына газдың қосымша көлемін тарту» бағдарламасын орындау мақсатында Батыс Прорва кен орнына инфрақұрылымды тарту бойынша нұсқалар мен ұсыныстарды әзірлеуге кірісті.
Осы кен орнының 16 ұңғымасын іске қосқаннан кейін бұл компанияға қосымша 600 млн текше метр тауарлық газ дайындауға мүмкіндік береді.