Өндіру

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның орташа жылдық мұнай өндіруші 2,7 млн. тоннаны құрайды.

Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ-нда 31 кен орны игеріледі. Осы кен орындарының шегіндегі өнім беруші қабаттар түрлі коллекторлардың геологиялық-физикалық қасиеттерімен және мұнайдың физика-химиялық касиеттерімен сипатталады. Саладағы мұнай кен орындарының басым бөлігі игерудің соңғы сатысында, қорының алынуы қиын кен орындарының саны күннен-күнге артып келеді. Соңғы жылдар ішінде мұнай өндірудегі тұрақтылыққа кешенді іс-шараларды жүзеге асыруы арқылы қол жетіп отыр: жаңа ұңғымалардың бұрғылануы, ұңғымаларды күрделі және жай жөндеу, ұңғымалар қорына жүйелі жұмыстар жүргізу,  пайдалану коэффициентінің артуы, жөндеуаралық кезеңнің ұзартылуы, озық технологияның енгізілуі және кен орындарын игеру жүйесінің оңтайландырылуы.

Мұнай алу коэффициентін арттыру үшін «Ембімұнайгаз» АҚ бүгінде мұнай өнімділігін арттырудың дәстүрлі әдістерімен қатар, жетекші қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, жаңа технологияларды қолданады. Ұңғымалар жұмысындағы жөндеу аралық кезеңді ұзарту үшін жаңа технология енгізілуде. КИН арттыру бағдарламасының шеңберінде қазіргі уақытта төмендегідей әдістер қолданылады: ыстық суды айдау, гидравликалық жару, ұңғыма тораптарын қатайту.

Қорлардың жаңадан  қайта есептелуіне және бастапқы геологиялық мұнай қорының көбеюіне байланысты, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қолданыстағы 31 кен орны бойынша мұнай алу коэффициентінің орташа көрсеткіші 0,279 бірл. б. құрады.

б.бірл. – бірлік бөлшегі