Басқарушы директорлар

Балабаев Абат Амантайұлы

Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (мамандығы «Қолданбалы математика»); Қазақ мұнай және газ институты (мамандығы «Экономика және менеджемент»); Атырау мұнай және газ институты (мамандығы «Мұнай және газ кен орындарын игеру»); И.Губкин атындағы Ресей мұнай-газ университетінің магистратура бөлімі.

Еңбек жолын Атырау облыстық ресурстарды стратегиялық дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы қызметінен бастады. Кейін облыстық экономика басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, облыстық мұнай-газ кешенін барлау басқармасының бөлім басшысы, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы департаментінің бас менеджері, «Ембімұнайгаз» АҚ І санатты экономисі, экономисі, аға экономисі, бюджеттеу және экономикалық талдау департаментінің бюджеттеу және экономикалық талдау бөлімінің басшысы, бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры лауазымында еңбек етіп келеді.

Марапаттары:

«Ембімұнайгаз» ӨФ алғысы  (2010 ж.), «Доссор мұнайына - 100 жыл» естелік белгісі  (2011 ж.), «Прорва мұнайына – 50 жыл» төсбелгісі (2013 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ - 95 жыл» мерейтойлық медалі (2017 ж.).