1996 жылы Атырау университетінің Мұнай және газ институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Тулепов Амангельды Куанышевич» ЖК-де маркетинг жөніндегі менеджері лауазымынан бастаған.
1997–1999 жж. – инженер-геолог, «Гюрал» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері.
1999–2004 жж. – «Қазақойл-Ембі» ААҚ-да өндірісті жедел басқару департаментінің инженері, ауысым бастығы, жаңа кен орындарын игеру және жайластыру департаментінің 1 санатты инженері, жетекші инженері, қаржы департаменті мұнай және мұнай өнімдері балансы секторының жетекшісі.
2004 – 2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да – жедел есепке алу және бақылау департаменті жедел есепке алу және бақылау бөлімінің бастығы, казынашылық департаменті мониторинг бөлімінің бастығы, мұнай және мұнай өнімдерін сату департаменті директорының орынбасары.
2012 - 2013 жж. – The Rompetrol Group Corporate Center SRL (Бухарест қ.) логистика департаментінің директоры.
2013 – 2015 жж. – ФЧКОО «КМГ Кашаган Б.В.» коммерциялық директор.
2015 – 2019 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары, Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары.
2019 – 2020 жж. – «ҚазмұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алуды дамыту және үйлестіру департаментінің директоры, сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры.
2020 жылдың шілде айынан қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алу және жабдықтау департаментінің директоры.