Қазақ политехникалық институтын (1978), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991) бітірген. Инженер-құрылысшы, саясаттанушы. Саяси ғылымдар докторы, философия ғылымдарының кандидаты. І санатты Төтенше және Өкілетті елші (2003).
Еңбек жолын «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастады (1978-1979); Кейін Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы (1979-1981), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі (1981-1982), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы (1982-1983), Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы (1983-1986), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1986-1987), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1987-1988), Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты (1988-1991), Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті (1991), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі (1991-1994), Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы (1994-1995), Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (1995), Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі (1995-1996), Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі (1996-1997), Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі (1997-1999), Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі (1999), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (1999-2000), Батыс Қазақстан облысының әкімі (2000-2003), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006), Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімі (2006-2011), Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2012), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (2012-2013), Қызылорда облысының әкімі (2013-2019); Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысы (2019), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-2022).
Марапаттары: «І дәрежелі Барыс» (2021), «Парасат» (2003), «ІІ дәрежелі Барыс» (2009), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев (2015), Достық (РФ, 2006) ордендері.