Басқарма

Рысты Нұрғалиқызы Тасмағамбетова

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

1986 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Атырау мұнай және газ университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы «МВА: Менеджмент-халықаралық бизнес» (2014 ж.)

Еңбек еткен жылдарда әртүрлі басқару лауазымдарын атқарды: «ЭИТЭК» ғылыми-өндірістік фирма өкілдігінің директоры (Мәскеу), «Атырау мұнай корпорациясы» ЖШС-нің директоры, «Каспий коммерциялық орталығы ЛТД» ЖШС-нің қаржы директоры, «КМГ-Жайык» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2012 жылдың қазан айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарып келеді.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2020), «Доссор кен алаңының 100 жылдығы» естелік белгісі (2011 ж.), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасы (2012 ж.), «Прорва кен алаңына 50 жыл» төсбелгісі (2013 ж.), «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ Құрмет грамотасы (2014 ж.),  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасы (2014 ж.),  «KAZENERGY» Құрмет грамотасы (2015 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ - 95 жыл»   мерейтойлық медалі (2017 ж.), “Қазақстан мұнайына 120 жыл” мерейтойлық медалі (2019 ж.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» АҚ - 100 жыл» мерейтойлық медалі (2022 ж.).