2005 жылы Анри Пуанкаре университетін (Франция) жер және ғалам ғылымы бакалавр дәрежесінде (геология), 2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін «Мұнай геологиясы инженері» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Қаржы және есеп», 2008 жылы Анри Пуанкаре университетін (Франция) геоғылым магистрі (геология), 2012 жылы Анри Пуанкаре университетін (Франция) геология-минерология ғылымдарының докторы дәрежесінде аяқтаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «BT Construction» ЖШС-де логистика және қамту бөлімінің маманы ретінде бастаған, әрі қарай логистика және қамту бөлімінің бастығы, директордың маркетинг жөніндегі орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарған.
2006 - 2007 жж. – «ТуранАлемСекьюрити» АҚ Отын-Энергетикалық кешен (ТЭК) және мұнай мен газ жөніндегі тәуекел-менеджмент және салалық қаржылық талдау секторының 2 категориялы маманы;
2008 – 2012 жж. –«CREGU» Қазақстан компаниясының, Қазақ мұнай және газ институтының геология және геоғылымы мәселесі жөніндегі кеңесшісі, «AREV NC» Компаниясының (Орта Азия елдері) геология және геоғылымы мәселесі жөніндегі аймақтық кеңесшісі;
2012 - 2013 жж. – «КазГеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, ғылым, инновация және жаңа технологиялар департаментінің директоры, ғылыми-технологиялық орталықты дамыту департаментінің директоры, жобалау офисінің басшысы;
2013 – 2014 жж. – «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ бас директорының кеңесшісі, Жер туралы ғылым орталығының директоры, «Назарбаев Университеті» АОО бас менеджері (қосымша атқарған қызметі).
2015 – 2016 жж. – «ҚазМұнайГаз» Өндіру және бұрғылау технологиясы жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС геология және игеруді жоспарлау департаментінің директоры;
2016 – 2017 жж. – ҚР Энергетика министрлігі «Ақпараттық-аналитикалық мұнай және газ орталығы» АҚ-ның бас директоры;
2017 – 2019 жж. – «ҚазМұнайГаз» Өндіру және бұрғылау технологиясы жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің жоспарлау және кен орындарын жете барлау жөніндегі басқарушы директоры;
2019 – 2022 жж. – «Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық-барлау мұнай институты» ЖШС-нің басшысы.
2022 жыл мен 2024 жылдың шілде айына дейін - «Инжиниринг» ЖШС НИОКР жобаларының басшысы.