2002 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын "Кәсіпорындағы экономика және менеджмент" мамандығы бойынша, 2006 жылы "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандықтары бойынша бітірген.
Мәскеу қаласындағы И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің "Мұнай-газ бизнесін басқару" МВА іскерлік әкімшіліктендіру шебері дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 1996 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-сы жылусудықамту учаскесінің слесарі ретінде бастаған.
2000 – 2014 жж. - «Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жылусудықамту учаске бастығы, Б.Жоламанов мұнай және газ өндіру цехының бастығы, өндірістік – техникалық бөлімінің жетекші инженері, Кенбай мұнай және газ өндіру цехының бастығы, бас инженері, бастығы.
2014 - 2020 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің директоры, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры.
2020 – 2022 жж. аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары.
2022 жылдың желтоқсан айынан 2024 жылдың шілде айына дейін -«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Түрлі ведомстволық наградалармен марапатталған.