1998 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай-химия факультетін бітіріп, «Тау-кен инженері» мамандығын алды. Мәскеу қаласындағы ММХҚИ қосымша білім беру бағдарламасы бойынша «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» іскерлік әкімшілендіру шебері дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС компаниясында басқару пультінің операторы ретінде бастап, мұнайды өндіру жөніндегі шебер, инженер, Үкіметпен байланыс және жиынтық-техникалық талдау бөлімі бастығының орынбасары, өндірісті дамыту жөніндегі бөлім бастығы болып жұмыс атқарды.
2016-2017 жж. аралығында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, ал, 2017-2020 жылдар аралығында бас директоры лауазымында жұмыс жасады.
2020 – 2022 жж. аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы.
2022 жылдың қазан айынан 2024 жылғы шілде айы аралығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Бас директордың бірінші орынбасары, кейін Бас директоры лауазымдарын атқарды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.