Басқарма

Қайрат Жаншаұлы Әбенов

Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

«Қайнар» университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша, халықаралық экономист; Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Мұнай-газ ісі», техника және технологиялар бакалавры; Л.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетін «Заманауи мекемелердегі қызметкерлерді басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жұмысшы ретінде бастаған.

2004-2010 жж. әртүрлі жеке құрылымдарда еңбек етті. 

2011-2015 жж. – ҚТжСБ инженері, ЕҚжЖБ инженер, ЕНжЖБ аға инженер, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ инженерлік орталығының нормалау секторының меңгерушісі.

2015-2017 жж. – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» АҚ технологиялық процестерді ұйымдастыру және нормалау департаментінің аға инженері, технологиялық процестерді ұйымдастыру және нормалау департаменті директорының орынбасары.

2017-2018 жж. «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ персоналды басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің аға маманы, жетекші маманы.

2018-2023 жж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адами ресурстарды басқаруды ұйымдастырушылық жобалау және есеп беру секторының жетекші маманы, бас маманы, адами ресурстарды басқару департаментінің адами ресурстарды басқару басшысы.

2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.