Басқарма

Ильяс Шойбекұлы Құрамысов

Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандығы (2004), Алматы экономика және статистика акдемиясын «Есеп және аудит» (2006) мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының маман болып бастады.  

2005-2020 жылдар арылығында Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының Шымкент қаласы Сарыағаш және Еңбекші аудандарында прокурордың көмекшісі, Алматы облыстық прокуратурасы Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасының аппарат жетекшісі,  «Самұрық-Энерго» АҚ «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің бас директоры, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, ОҚО әкімдігінің мемелекеттік-құқықтық бөлімінің жетекшісі, ОҚО, кейін Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып еңбек етті.

2019-2020 жылдар аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар (ЭГТР) министрінің кеңесшісі;

2020-2022 ж.а. ЭГТР министрлігі Экологиялық тексеру және бақылау комитетінің Павлодар облыстық Экология департаментінің басшысы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әкімшілік жұмыстар басқармасының басшысы болып еңбек еткен.

2022 по 2024 ж.а. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әкімшілік жұмыстар басқармасының басшысы болып еңбек еткен.

2024 жылдың қаңтарынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен  Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.