Басқарма

Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы)

1998 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай-химия факультетін бітіріп, «Тау-кен инженері» мамандығын алды. Мәскеу қаласындағы ММХҚИ қосымша білім беру бағдарламасы бойынша «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» іскерлік әкімшілендіру шебері дәрежесіне ие. Толығырақ

Абат Амангелдіұлы Құтжанов

Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

2002 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын "Кәсіпорындағы экономика және менеджмент" мамандығы бойынша, 2006 жылы "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандықтары бойынша бітірген. Толығырақ

Асқар Мұнара

Бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

2005 жылы Анри Пуанкаре университетін (Франция) жер және ғалам ғылымы бакалавр дәрежесінде (геология), 2006 жылы  Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін «Мұнай геологиясы инженері» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Қаржы және есеп», 2008 жылы Анри Пуанкаре университетін (Франция) геоғылым магистрі (геология), 2012 жылы Анри Пуанкаре университетін (Франция) геология-минерология ғылымдарының докторы дәрежесінде аяқтаған.  Толығырақ

Рысты Нұрғалиқызы Тасмағамбетова

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

1986 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Атырау мұнай және газ университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы «МВА: Менеджмент-халықаралық бизнес» (2014 ж.) Толығырақ

Ильяс Шойбекұлы Құрамысов

Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандығы (2004), Алматы экономика және статистика акдемиясын «Есеп және аудит» (2006) мамандығы бойынша бітірді. Толығырақ

Қайрат Жаншаұлы Әбенов

Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

«Қайнар» университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша, халықаралық экономист; Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Мұнай-газ ісі», техника және технологиялар бакалавры; Л.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетін «Заманауи мекемелердегі қызметкерлерді басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Толығырақ

Асқар Әділбекұлы Тоқмурзиев

«Ембімұнайгаз» АҚ құқықтық қамту департаментінің директоры, Басқарма мүшесі

2008 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Толығырақ