Компания тарихы

2023 ж.

«Ембімұнайгаз» АҚ «Үздік салық төлеуші» байқауында «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

image

2022 ж.

Ембімұнайгаз АҚ ғасырлық тойын атап өтті.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт бекітілді.

image

2021 ж.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да  «Интеллектуалдық кен алаңы» жобасы аясында өндірісте жедел әрекет ету орталықтары іске қосылды

image

2020 ж.

2020 жылы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Батыс Қарасор кен орнын пайдалануға беру жұмыстары басталды.

Сол жылы С.Нұржанов кен орнында 3252-3265 м тереңдіктегі триас қабатында жаңа өнімді горизонт анықталып,  сусыз мұнай бұрқағы алынды.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Гран кен орнында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бойынша ең ұзын горизонталды ұңғыма бұрғыланды (941 метр).

2020 жыл Сovid-19 пандемиясымен және мұнай бағасының күрт төмендеуімен тарихта қалды. Пандемия басталғаннан бері компанияда, сондай-ақ компанияның барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде штабтар құрылды, олар енгізілген төтенше жағдай режимі және одан кейінгі карантиндік шектеулер жағдайында басқару жөніндегі жедел жұмыс органдарына айналды.

2020 жылы компанияда өндірістік жарақаттану деңгейі айтарлықтай төмендеді. Үшінші жыл қатарынан компанияда адам өлім жағдайы жағдайы тіркелген жоқ. Жазатайым оқиғалар саны 5-тен 1-ге дейін төмендеді. Жол-көлік оқиғаларының саны да 5-тен 1-ге дейін  азайды.

Жол-көлік оқиғалары санын айтарлықтай азайтуға үлкен себеп болған  «Сапарларды басқару» жобасы және Кен орындарындағы арнаулы техникаға қажеттілікті анықтау бағдарламасы болды.

image

2019 ж.

«Ембімұнайгаз» АҚ Жоба БҰҰ-ның Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының (UNEP-СА) аясында Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және КРЕОН тобы ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен өткен Қазақстандағы экологиялық жауапкершілігі бойынша түзілген мұнай-газ саласындағы компанияларының рейтингінде үшінші орынды жеңіп алды.

***

Қазақстанда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Еліміздің мұнайлы астанасы Атырау қаласында аталған мерейтойға арналған бірқатар шаралар өтті. Салтанатты шаралар ҚР Энергетика министрлігінің. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының,  «KAZENERGY» Асоциациясының ұйымдастыруымен және ЕМГ және Атырау облысындағы ірі мұнай компанияларының қолдауымен өтті.

***

Мереке қарсаңында ембілік мұнайшылар «Ембімұнайгаз» АҚ-ның келісімшарт аумағындағы Қарашүңгіл жерінде болды.  Мұнда сонау 1899 жылы алғаш мұнай бұрқағы атқылаған тарихи №7 ұңғыма орналасқан.

image

2018 ж.

2018 жылғы тамыз айында Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде болды. Мемлекет басшысы Өндірістік үдерістерді қашықтықтан басқару орталығының жұмысымен танысты. Онда Елбасыға цифрлық зияткерлік кен орнының жүйесі көрсетілді. Бұл нақты уақыт режімінде өнеркәсіп нысандарынан түсетін ауқымды мәліметтерді өңдеуге, шұғыл шешім қабылдау мақсатымен оларға әрі қарай талдау жасауға, сондай-ақ кен орындарындағы өндіру үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді.

image

2017 ж.

2017 жылдың маусымында Жылыой ауданының аумағында («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) орналасқан Ембінің ең ірі кеніші – Прорва кен алаңында  жылына 150 миллион текше метр қуаттылықпен жұмыс істейтін Ілеспе газды дайындау қондырғысы іске қосылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ алғаш рет газ бағатында белсенді жұмыстарды қолға алды. Мамыр-қыркүйек айлары аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ  95 жылдық мерейтойына орай Компания қызметкерлері мен облыс тұрғындарына арналған қайырымдылық, спорттық мәдени шаралар ұйымдастырылды.

image

2016 ж.

2016 жылдың ақпан айында Компания Атырау облысындағы С.Нұржанов кен алаңының солтүстік-шығыс блогында, Лиман және Аққұдық құрылымдарында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстырының қорытындысын жариялады.

Ембіде шығындарды оңтайландыру және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Уаз кен алаңында пилоттық негізде интеллектуалды кен алаңы концепциясы және материалдық техникалық қамту барысын оңтайландыру жобасы іске қосылды.

image

2015 ж.

2015 жылдың тамыз айында Компания мұнай-газ саласына мамандар даярлау бағытында жалпы білім беретін екі бағдарламаны іске қосты. Стипендия төлеу бағдарламасы аясында Компания АРЕС Petrotechnic жоғарғы колледжінде «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша стипендиялық негізде білім алуға  әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 5 студентті жіберіп, оқу ақысын төледі.  Дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша 2015 жылдың тамыз айынан бастап Атырау мұнай және газ институты және АРЕС Petrotechnic жоғарғы колледжінің студенттері жыл сайын оқу орындарындағы теориялық білімдерін «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында вахталық әдіс бойынша жұмыспен ұштастырып келеді.

Қыркүйек айында мұнайшылардың кәсіби мерекесіне орай Компанияның интерактивті мұражайы салтанатты түрде ашылды.

image

2014 ж.

2014-2016 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бекітіліп, мұнайшыларға арналған әлеуметтік жеңілдіктер кенейтілді.  

2014 жылдың сәуір айынан бастап кәсіпорында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына арнайы жасақталған еңбекті бағалаудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, нәтижесінде мұнайшыларға арналған төлем көлемі ұлғайды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұжымдық шарты «Парыз» сыйлығын иеленді.

Қазан айында Компанияның басқару аппараты сегіз қабатты заманауи әсем ғимаратқа көшті. Құрылыс жұмыстарын жүргізген – оңтүстіккореялық «Dongil Construction CO. Ltd» компаниясы. «Ембімұнайгаз» АҚ-нда интерактивті мұражай құру бойынша жұмыстар басталды.

image

2013 ж.

Ілеспе газды жою бойынша кешенді жұмыстар басталды. Атырау облысының үш ауданы елді мекендерін табиғи газбен қамтып отырған С.Балғымбаев («Жайықмұнайгаз» МГӨБ ) және Шығыс Мақат («Доссормұнайгаз» МГӨБ) кен алаңдарында кешенді тазалау қондырғыларды іске қосу аясында 2013-2014 жылдары Бағдарлама жасақталды. Әр қондырғының құны 3 млрд. теңдеген асады

image

2012 ж.

Сегіз жыл ӨФ болған «Ембімұнайгаз» 2012 жылдың 1-қазанынан бастап акционерлік қоғам атауын кері иеленді.

image

2004 ж.

2004 жылы «Ембімұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның бірігуі нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құрылды. Сол жылы «Ембімұнайгаз» - өндірістік филиал (ӨФ) болып құрылды.

image

2002 ж.

2002 жылы «Қазақойл-Ембі» қайтадан «Ембімұнайгаз» компаниясы болып атала бастады.

image

1999 ж.

1999 жылы «Ембімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» ашық акционерлік қоғамдарының бірігуі нәтижесінде «Қазақойл-Ембі» АҚ құрылды

image

1993 ж.

1993 жылы мұнай өндіру кәсіпорны «Ембімұнайгаз» АҚ болып құрылды.

image

1979 ж.

Қазақстанның мұнай-газ саласы тарихындағы ең басты оқиға 1979 жылы болды – «Теңіз» алып кен орны ашылды. Аталған кен орынның ашылуына тікелей атсалысқан ембілік мұнайшы-геологтарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы  тағайындалды.

image

1950 ж.

Елуінші жылдардың басында Ембіде жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Қарсақ және Тереңөзек кен орындары ашылды.

image

1945 ж.

1945 жылы «Ембімұнай» тресі «Қазақстанмұнай» өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. Оның құрамына Қазақ ССР аумағындағы мұнай саласының барлық кәсіпорындары кірді.  Қырқыншы жылдардың соңында мұнай өндіру көлемі миллион тоннаға, ал, 1968 жылы 2 миллион тоннаға жетті.

image

1941-1945 ж.

Ұлы Отан соғысы жылдары да «Ембімұнай» өз жұмысын бір мезетке де тоқтатпады. Еш қиындыққа қарамастан, қазақстандық мұнайшылар күш тауып, 800 мың тоннаға дейін мұнай өндірді. Комсомол-Мақат, Қошқар-Сағыз мұнай желілері, Камыскөлде бу турбинасы және Гурьев мұнай өңдеу зауыты  салынды.

image

1940 ж.

1940 жылдың аяғында Орал-Ембі ауданының өнеркәсібі 750 мың тонна мұнай берді.

image

1938 ж.

1938 жылы «Ембімұнай» тресі кірген «Шығыс мұнай өндіру» бірлестігі 4 миллион тонна шамасында мұнай өндірді.

image

1930 ж.

1930 жылғы индустрияландыру барысында «Ембімұнай» тресі мұнайды тереңдіктегі сорғылармен өндіру жүйесіне көшті. Сонымен қатар, қазандықтарды жылыту және тұрмыстық қажеттіктер үшін табиғи ілеспе газ пайдаланыла бастады

image

1922 ж.

1922 жылы Доссор және Мақат кен алаңдарын игеру үшін «Ембімұнай» тресі құрылды. 1940 жылдардың соңында Орал-Ембі аудандарының кәсіпшілігі 750 мың тонна мұнай берді.

image

1920 ж.

1920 жылы мұнайлы кен алаңдарды өнеркәсіптік игеру үшін Орал-Ембі аудандары мұнай кәсіпшілігінің басқармасы құрылды.  

image

1915 ж.

1915 жылы «Нобель» компаниясы тапқан Мақат кен орны алғашқы мұнайын берді.

image

1912 ж.

1912 жылдың 10-сәуірінде шетелдік инвестициялардың көмегімен «Ембі» мұнай өндірісі және сауда АҚ  құрылды. Сол кезеңде лондондық биржа Қазақстанда мұнай өндіру кәсіпшілігін ынталандыруға бағытталған акцияларды саттыққа шығара бастады.

image

1911 ж.

1911 жылдың сәуір айында Доссорда сапасы жағынан Бакуде өндірілетін мұнайдан асып түсетін ірі кен алаңы ашылды.

image

1908 ж.

1908 жылы Ескене кен алаңынан жеңіл мұнай бұрқағы алынды. Ал, Қазақстанның мұнайлы аудандары Доссор және Мақат ірі кен орындары ашылғаннан кейін әлем назарына іліге бастады.  

image

1899 ж.

1899 жылы Қарашүңгіл кен алаңында алғашқы мұнай бұрқағы атқылады. Сол кезден бастап қазақ мұнайының тарихы басталды.

image

1893 ж.

1893 жылы Доссор, Қаратон, Мақат және Қарашүңгіл аймақтарында қарқынды барлау бұрғылау жұмыстары басталды.  

image

1892 ж.

Мұнайды алғашқы геологиялық барлау және іздестіру шаралары 1892 жылы Ескене кен орнында жүргізілді.

image