«Ембімұнайгаз» АҚ –геологиялық барлау жұмыстарын белсене жүргізіп, кен алаңдарын игеруде өндіріске жаңа технологияларды батыл енгізе білген, мұнай мен газды өндіріп, дайындайтын заманауи мұнай компаниясы. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары.
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.
««Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 6 млрд 437 млн теңге қаражат аударды.
Қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ болашаққа сеніммен қарайды! Жинақталған бай тәжірибе мен білікті ұжымның арқасында Компания алға қойылған барлық міндеттерді абыройлы орындамақ.