Комплаенс

"Ембімұнайгаз" АҚ - геологиялық барлау жұмыстарын, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру мен дайындауды жүзеге асыратын, өз қызметінде үздік бизнес-тәжірибелерді және іскерлік этикаға қойылатын жоғары талаптарды ұстанатын заманауи қазақстандық мұнай компаниясы.

Бизнесті адал және әдепті жүргізуге жәрдемдесу, Қоғамның оң іскерлік беделін қолдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау, сондай-ақ мүдделер қақтығысын тиімді басқару мақсатында "Ембімұнайгаз" АҚ-да атқаратын лауазымы мен жағдайына қарамастан компанияның әрбір қызметкері басшылыққа алатын бірқатар негізгі құжаттар қабылданды. Қоғам басшыларының міндеті-қызметкерлерге жеке үлгі көрсету және өз іс-әрекеттері арқылы корпоративтік құжаттарда белгіленген қағидаттар мен құндылықтарға адалдығын көрсету. "Ембімұнайгаз" АҚ өкілдерінің қатысуымен іскерлік тәртіп пен этика нормаларын бұзу фактілері немесе сыбайлас жемқорлық көріністері туралы жедел желіге хабарлай аласыз.

Жедел желіде KPMG компаниясының тәуелсіз Операторы төмендегідей принциптерге сай қызмет көрсетеді:

- құпиялылық және анонимдік (өтініш білдірген тұлғаның тілегі бойынша); және

- кейін Қоғамның жауапты тұлғаларына ұсыну арқылы өтініштерді 100% тіркеу және өңдеу.

Өтініштерді барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде көрсетілген байланыс арналары арқылы бере алады:

- телефон номері бойынша 8 800 080 4747. (ҚР-ның территориясында қоңырау шалу тегін); болмаса

- электронды почтаға mail@sk-hotline.kz; немесе

- интернет-портал арқылы www.sk-hotline.kz; болмаса

- WhatsApp Мессенджер арқылы  +7 771 191 8816 номері бойынша.

Жедел желі тәулік бойы демалыссыз режимде «24/7» жұмыс жасайды. Бұл ретте Оператор телефон қоңырауларын дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Қалған уақытта (мереке / демалыс күндерін қоса алғанда) телефон қоңыраулары өтініштерді жазу мүмкіндігі бар автожауапбергішке түседі. Жұмыстан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады. Жедел желі компания жұмыскерлері үшін де, компаниямен өзара іс-қимыл жасайтын үшінші тұлғалар үшін де (клиенттер, контрагенттер және өзге де мүдделі тұлғалар) қолжетімді.

Біз ынтымақтастықта және бірлесе атқарылған қызметіңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз!