Ембімұнайгаз» АҚ ілеспе мұнай газын кәдеге жарататын ауқымды жобаны жүзеге асырды
«Ембімұнайгаз» компаниясы (ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бойынша ауқымды жобаны жүзеге асырды.
Оңтүстік-Батыс Қамысты кен орнында қуаты 4,8 МВт болатын газ поршенді электр станциясы (ГПЭС) салынып, іске қосылды. Ол Оңтүстік-Батыс Қамысты,Оңтүстік-Шығыс Новобогат және Оңтүстік-Шығыс Новобогат карниз үсті, Оңтүстік-Шығыс Қамысты, Жаңаталап кен орындарын электр көзімен қамтамасыз етеді.
Газ поршенді электр станциясын салудың негізгі мақсаты — ілеспе мұнай газын тиімді кәдеге жарату, сонымен қатар өндіріс пен шаруашылықтың қажеттіліктері үшін кен орындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету.
Ілеспе газды өз электр энергиясын өндіру үшін пайдалану мұнай өндіруші кәсіпорындардың электр қуатын беретін сыртқы көздерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сыртқы желілерден электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығын мөлшерін едәуір қысқартады. Жобаны іске асырудың нәтижесінде электр энергиясын сатып алу 55% үнемделеді.
Ілеспе газды пайдаланатын ГПЭС салу жобасы «Ембімұнайгаз» АҚ ұстанатын экологиялық қауіпсіздік және экономикалық тиімділік қағидаттарына толық сай келеді.
Бұл бастама өзінің тиімділігін дәлелдеді және алдағы уақытта оны «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басқа кен орындарына тарату жоспарда.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2024 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 780 млрд. 977 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға – 7 млрд 212 млн теңге қаражат аударды.