Атмосфералық ауаға әсері

«Ембімұнайгаз» АҚ көмірсутектерді барлау және өндіру, оларды тасымалдау және қайта өңдеуден бастап мамандандырылған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклды жүзеге асыра отырып, қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді азайтуға, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ұмтылуда.

Компания  атмосфераға ластанған заттардың шығарылуына тұрақты мониторинг және бақылауды жүзеге асырады, соның ішінде үлгілерді алуды жүргізеді.

Ілеспе мұнай газдарды дамыту және қайта өңдеу Бағдарламасы шеңберінде, 2013 жылы «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат кен орнында және 2014 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев кен орнында газ дайындау бойынша қондырғылар пайдалануға берілді. Осы  өндірістік нысандарды пайдалануға берудің нәтижесінде ілеспе газдың пеште жағу көлемі азаяды, сәйкесінше, атмосферада ластанудың тұрақты көздерінен ластаушы заттардың шығарылуының пайда болуы азаяды.

Осы жобаны іске асыру шеңберінде «Ембімұнайгаз» АҚ мен Атырау облысы әкімдігі арасында Атырау облысы халқының қорғалмаған тобына тауарлы газды төмен бағамен беру туралы Меморандумға қол қойылды.

2017 жылы Прорва кен орны тобының қуаттылығы жылына 150 млн. м3 куб ілеспе мұнай газды күкірттен тазарту Қондырғысы (УКПГ) іске қосылды. Жоба ілеспе мұнай газды күртсутектен тазартуды көздейді. Қондырғыда тауарлы газ, түйіршіктелген тауарлы күкірт, тұрақты газ конденсаты өндірілетін болады.

2018 жыл үшін ластаушы заттардың үлесті шығарылуы – КСШ өндіру тоннасына шаққанда ластаушы заттар жылына 0,00137тоннаны құрайды.

Атмосфераға зиянды газдардың шығарылуы (СО2)

«Ембімұнайгаз» АҚ негізгі өндірістік қызметі мұнай өндіру, кен орындарындағы тауарлы өнімдерге дейін  көмірсутектік шикізатты жинау және дайындау болып табылады. «Ембімұнайгаз» АҚ негізгі өндірістік қызметі ауаға тікелей зиянды әсермен көміртек диоксидінің (СО2),  матанның (СН4)  және азоттың шала тотығының (N2O) шығарылуымен қатар жүреді.

Мұнай қыздыру пештері, қазандықтар, шырақты қондырғылар, дизельдік электр станциялары, жылжымалы пісіру агрегаттары өндірістік процесс шеңберінде ластаушы заттардың шығарылуының негізгі көздері болып табылады.

Зиянды газдардың шығарылуы (шығаруларды есептеу параметрлері) мониторингі мақсатында кәсіпорында қызмет қарқындылығының, қондырғы параметрлерінің (процестің) өзгерісі туралы ақпарат жинау және  шығарулардың өсуіне жол бермеу бойынша дер уақытында  қажетті шара қолдану және оларды азайту бойынша амалдарды орындау үшін зиянды газдардың шығарылуының тиісті деңгейіне бақылау жүргізіледі.