Су ресурстарын пайдалану

Тұщы суды тиімді пайдалану аясында «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі - ЕМГ) 2016 жылдан бастап Оңтүстік Ембі бассейні және Қайнар сілемі аумақтарында жерасты сулардың альб-сеномандық түзілімдер қорлары бағаланды. Бағдарламаны іске асыру кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктер үшін Еділ суын тұтынуға тәуелділігін азайтады. 

ЕМГ нысандарында пайда болған шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар сыртқы тегеурінсіз кәріз жүйесі бойынша жеке тазарту құралдарына жіберіліп, кейін тазартылған ағынды су сүзгілеу немесе булану алаңдарына жеткізіледі.

Жерасты суларының жағдайы күйлерін бақылау үшін буланы алаңы айналасында бақылау ұңғымаларының желісі орналасқан.

ЕМГ ластанған суларды табиғи жер беті су қоймаларына жібермейді. 2018 жылы Компания жеке қажеттіліктері үшін 870,5269 мың текше метр суды тұтынды, ол 2017 жылмен салыстырғанда 142 мың текше метрге төмен. 

Жағалауларға және су экожүйелеріне әсер етуден қорғау мақсатында «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен аумағында қорғаныш бөгетін нығайту жұмыстары, сондай-ақ Тәжіғали кен орнында консервациялауда тұрған суға кеткен және су астында қалған ұңғымаларға мониторинг жүргізілуде.

ЕМГ басқарма төрағасының бұйрығы бойынша 2018 жылы Қоғамда «Су ресурстарын тиімді пайдалану» стратегиялық жобасы жасалды. Бұл жобаны жасаудың мақсаты Қоғамда су ресурстарын тиімді пайдалануға, кешенді жоспарлауға, басқаруға, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерді тигізуді азайтуға мүмкіндік беретін су ресурстарын тиімді пайдалану жүйесін құру болып табылады.