Топырақтың ластануын алдын алу

 «Ембімұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Компания экология компоненттеріне (ауа, су, топырақ және т.б.) мониторинг жүргізу және қоршаған ортаға өндірістің жағымсыз әсерін тиімді азайту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.

 «Ембімұнайгаз» АҚ тарихи ластанған территорияны рекультивациялауға бағытталған жобаларды көп мөлшердегі қаржымен инвестициялауды жалғастыруда. Ластанған жердің көлемі 2018 жылдың басында 136,43 га, 2018 жылдың соңында - 112,53 га болады, осылайша ластанған жердің көлемі жылдың соңында жылдың басына қатысты 0,82 бірлікті құрайды. Ластанған жердің көлемі 2019 жылдың басында 112,53 га болса, 2019 жылдың соңында - 77,9 га болды, ластанған жердің көлемі жылдың басынан бері жылдың соңына дейін 0,69 бірлікті құрады. Атырау облысы бойынша СОVID-19 таратпау мақсатындағы шектеу шараларының енгізілуіне байланысты, 2020 жылы тарихи ластанған территорияны рекультивациялау бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ. 2021 жылдың басында ластанған жерлердің көлемі 77,97 га құрады, 1 желтоқсан 2021 жылға шаққанда– 27,9 га (арақатынасы-0,36). Қорытындылай келе, 2021 жылы  50 га мұнаймен ластанған жер тазартылды. 2022 жылы тау-кен кеніші шегінде тарихи мазутпен ластанған жерді тазарту жұмыстар толықтай аяқтау жоспарланып отыр.

"Ембімунайгаз" АҚ-ның мазутпен ластанған жерлерін тазарту бойынша жоспар

2018 тазартылды

2019 тазартылды

2021 тазартылды

2022 жоспар

тонна

га

тонна

га

тонна

га

тонна

га

99 477

23,9

124 742

34,6

280 588

50,1

90 532

27,9

 

Мұнай операцияларын жүргізу кезінде Қоғам апаттық төгілулердің алдын алу, оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды орындайды. Өндірістік нысандардың участоктарында апатты жою жоспарлары ілінеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың апаттық төгілуінің 2 оқиғасы тіркелген. Апаттық төгілу орындарында жою жұмыстары жүргізілді. Ластанған участоктар толықтай тазартылды және бастапқы күйіне келтірілді. 2019 жылы апаттық төгілу оқиғасы тіркелген жоқ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың төгілуінің 2 оқиғасы тіркелді. Апаттық төгілу орын алған жерлерде жою жұмыстары жүргізілді. Ластанған участоктар толықтай тазартылды және бастапқы күйіне келтірілді.