ISO 50001:2011 стандартына сәйкестік

 «Ембімұнайгаз» АҚ-ның энергоменеджмент жүйесі ISO 50001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес дайындалған және энергоменеджмент жүйесінің басшылығы, құжатталған процедуралар мен нұсқаулықтардан тұрады. Қоғам басшылығымен энергоменеджмент саласындағы саясат анықталды және бекітілді, энергоменеджмент саласындағы тиісті мақсат белгіленді, энергетикалық нәтижелілікті арттыру бойынша іс-шаралар дайындалды.

ISO 50001 стандарты 2013 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес енгізілді.

Энергетикалық талдау шеңберінде электр энергиясы, табиғи және ілеспе мұнайлы газ, жеке қажеттілікке арналған мұнай, отын (бензин, дизельді отын) секілді тұтынылатын энергия ресурстарының көлемі бағаланды. Энергетикалық тиімділіктің нақты негізгі көрсеткіші 2018 жылы - 0,053 ш.о.т., 2019 жылы - 0,050 ш.о.т.,  2020 жылы – 0,013 ш.о.т. құрады. Отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудан 2020 жылы ауытқу Атырау облысы бойынша СОVID-19 таратпауға бағытталған шектеу шараларының енгізілуі салдарынан болды.

2019 жылдың шілде айында «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 50001:2011 халықаралық стандартының талаптары бойынша энергоменеджмент жүйесінің ре-сертификациялау аудитінен өтті және 2022 жылға дейін сәйкестілік сертификатын алды.

  

* ш.о.т. – шартты отын тоннасы