Интеллектулды кен орны

2016 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарының бірінде «SanaField» бағдарламасының пилоттық жобасы басталды. Цифрлық (интеллектуалды) кен орны технологиясы мұнай өндірудің барлық сатысында параметр түсіретін және одан әрі оператордың жедел шешім қабылдауы үшін, оларды ойлайн-режим арқылы диспетчерге жолдайтын жабдықтарды орнатуды көздейді. 

 «УАЗ интеллектуалды кен орны» жобасын іске қосу барысында пайдаланылатын энергия ресурсының шығыны оңтайландырылды, атап айтқанда, аталған кен орнында электр энергиясын пайдалану 32% азайтылды.

Болашақта цифрлы кен орнын басқа да нысандарға енгізу мұнай өндіруді арттыруға және мекеме, оның жұмыскерлері үшін тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді, өйткені интеллектуалды кен орны мониторингі жүзеге асыруға және мұнай-газ өндіру нысандарын басқаруға, энергияны тұтынуды бақылауға және сол арқылы энергия тиімділігін, жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қызметкерлерді ұтымды басқаруға, ақпараттың қол жетімділігін көбейтуға және жалпы өндірісті автоматтандыруға жол ашады.

Бағдарламаның аяқталу мерзімі – 2020 жыл.