Ембі мұнайшылары COVID-19-ға қарсы екпе алуда

05 мамыр, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) қызметкерлерді тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған пункттерде және жұмыс орындарында вакцинациялау ұйымдастырылуда. Екпе алуға ниет білдірген вахтадағы қызметкерлер бекітілген тізімге сәйкес қызметтік көлікпен егу пункттеріне жеткізіледі. Вахтааралық демалыстағы қызметкерлер ЕМГ жанындағы пункттерде немесе тұрғылықты жері бойынша емханаларда вакцинациялануға  мүмкіндігі бар.

- Бүгінгі күні вакцинация – коронавирустық инфекциядан сақтанудың жалғыз тиімді әдісі болып табылады. Пандемияға орай өмірімізге енген шектеулерден арылып, тезірек қалыпты өмірімізге оралу уақытылы және жаппай вакцинацияға тікелей байланысты. Жауапкершілігі мол жұмыс беруші ретінде Компания пандемияның кезеңінде қызметкерлеріміздің эпидемиологиялық қауіпсіздігі бойынша барлық шараларды қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта Атырау қаласы Ш.Уәлиханов көшесіндегі «Интертич» филиалында және «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кеңсесі жанында ғимаратта 2 вакцинациялау пункті ашылды. Компанияның басқа өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде вакцинациялау пункттерін ашу бойынша жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті алғашқылардың бірі болып ағымдағы жылдың ақпан айында вакцина алған ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА. 

- Пандемия біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. «Қызыл аймақ» сөз тіркесін тіпті балалар да жаттап алды. Өзімізді Covid-19 инфекциясынан сақтау мүмкіндігі пайда болған кезде-ақ міндетті түрде вакцина алу жөнінде туралы шешім қабылдадым. Екпе алуға мені өз денсаулығым және туыстарым, жақындарым мен ұжымымның алдындағы жауапкершілігім жетеледі.  Жаппай вакцинация ғана тез арада ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және бұрынғы өмір сапасына оралуға мүмкіндік береді, - дейді «Қайнармұнайгаз» МГӨБ кадр жөніндегі маманы Шынар ЕРМҰХАНОВА. 

 

          «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.