Құрметті ембіліктер!

29 желтоқсан, 2020

2020 жылдың 1 қазанынан бастап, COVID-19 белгісі, соған ұқсас тұмау белгісі,  пневмония анықталған жұмыскерлер мен олардың жанұя мүшелеріне мамандандырылған медициналық қызмет көрсетілетін келісім шарт жасақталды.

Интертич ЖШС-мен жасақталған бағдарлама бойынша  АҚПАРАТ (жалғанды) Жүктеу:

Қосымша:

 - Ескертпе: Аталған бағдарлама бойынша дәрігердің үйге шақыртылуы көзделмеген.

 - Маңызды талаптар:  клиникаға бармас бұрын сіз дәрігердің қабылдауына жазылуыңыз және жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсетуіңіз қажет.  Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық шараларын сақтауыңыз және аталған медициналық мекемеге барған кезде үнемі маска киюіңіз қажет.

 - «Ембімұнайгаз» АҚ мен ерікті медициналық сақтандыру қызметтерін көрсетуші  «Казахская Корпорация Здравоохранения и Медицинского страхования Интертич» АҚ арасында сырқаттану жағдайына жасалған шарт өз күшінде қалады және шартта көрсетілген талаптарға сай әрекет етеді. 

Өз денсаулығыңызды күтуіңіз сұралады.