«Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы № 71 қаулысы

20 желтоқсан, 2020

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9,36,102,104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №62 қаулысына сәйкес, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші R-1,19 негізінде және Сovid-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Атырау облысы "қызыл аймаққа" енгізілуіне байланысты және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тұрғындар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының күн сайынғы  өсуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе)  өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

2. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 желтоқсандағы №454 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.

2.1."Теңізшевройл" ЖШС-не, Теңіздегі жедел штаб, мердігерлік ұйымдардың  және "Теңізшевройл" ЖШС аумағына қарасты басқа кәсіпорындар басшылары қамтамасыз етсін:

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ мен "Теңізшевройл" ЖШС  уәкілетті өкілдерімен келісілген іс-шаралар жоспарының орындалуын;

- мердігер компаниялармен COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуін;

3. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялар қамтамасыз етсін:

3.1.  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы 2020 жылғы 23 қазандағы №57, №58 «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциялардың алдын алу шараларын күшейту туралы» қаулысының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру;

3.2. вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциялардың алдын алу шараларын күшейту туралы»Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына сәйкес аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып талапқа сай сәйкестендіру.

4. Атырау облысының тұрғындарына:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезіндеәлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарында, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктердемедициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті;

- 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;

- барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс береді;

5. Облыс аумағында төмендегі шектеу шараларын енгізу:

Атырау облысының әкімдігі, Атырау қаласының әкімі мен аудан әкімдері қамтамасыз етсін:

5.1 көпшілік іс шараларды(мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын аландары (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың,барлар, караоке,компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда)қызметін тоқтату;

- мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың және қызметін тоқтата тұру;

5.2.  жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

- коронавирустық инфекцияның алдын алуға және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 60%, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% «қашықтықтан»  жұмыс нысанына ауыстыру;  «қашықтықтан»  жұмыс нысанына бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы  және созылмалы аурушаңдығы барқызметкерлерді ауыстыру.

- жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу,оффлайн режимде өткізбеу.

- халыққа қызмет көрсету орталықтарының,  (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде арнайы ХҚКО-ның жұмысы жұмыс кестесін белгілей отырып,   ұйымдастырылсын. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарыныңжұмыс уақытын кестесін белгілей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала жазылу) немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармалар қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсетулерін ұсынылады;

- сыныптарда 15 балаға дейін білім мекемелерінде мектеп алды оқушыларына кезекшілік сыныптарының, ата-ана өтініші бойынша 1-4 сыныптарға  15 балаға дейін  5-тен 180 баланы қамтитын мектептердің жұмысына рұқсат беру;

- балалар түзету кабинеттері, балалардың білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын –ала жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарындағы (саны 15баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі керуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;

- медициналық орталықтар, кабинеттер,стоматологиялық клиникалар,

(алдын-ала жазылу бойынша) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- халықтың тұруы бойынша қызметтері саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т.б.) түстену залдарының толуы  50% -дан аспасын;

- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге 30% - дан аспайтын және кемінде 5 м2 толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);

- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым сала  отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбіде сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмысына рұқсат ету;

- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, сенбіде сағат 09.00 ден 17.00 ге дейін  (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес),олардың ішіндегі азық-түлік, супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.

- қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, Ѕра центрлер (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (объектінің 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр);

- фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары  алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% - ынан аспайды). Сенбі және жексенбі күндері  жұмысты тоқтата тұру;

- моншалар, сауналар,СПА орталықтары, бассейндералдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұру;

5.3. қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Ата-аналар теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

5.4қоғамдық автокөліктің жұмыс режимін біркелкі қозғалыс кестесімен, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін белгілеу;

Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.

Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

6. Атырау қаласы және аудан әкімдері ішкі істер оргндарымен бірлесе отырып карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

7. Атырау облысы  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:

- Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының орындалуын;

-облыс бойынша  үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік іс-шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын;

8. Атырау облысының Полиция департаментіне:

- шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырылсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе сәйкес еместігі анықталса, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына дереу материалдар жіберу;

9. Атырауоблысының ішкі саясат басқармасына, Атырау қаласының әкіміне, аудан әкімдеріне:

- бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы  қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

- халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтарды жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп әзірлеу;

- облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.

10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласында қызметті жүзеге асыратын Атырау облысының қалалары мен аудандарының тиісті аумағындағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.

11. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

12. Осы қаулының орындалуын  бақылау өзіме қалдырамын.

13. Осы қаулы 2020 жылғы 21 желтоқсаннан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді. 

 

Атырау облысының                                                                                                      А.Жұмағалиев

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

        

 

Қосымша

Атырау облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық  дәрігерінің

қаулысына

 

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

1. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы №68 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысы.

2. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 қазандағы №69 «Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы»№ 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  қаулысы.

3. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы №70 «Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы»№ 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  қаулысы.