Атырау облысында шектеулер 14 қыркүйекке дейін ұзартылды (Қаулы)

01 қыркүйек, 2020

Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алуға қатысты шаралар туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 104-бабын Басшылыққа ала отырып, коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, облыс аумағында жұқтыру жағдайы одан әрі тіркелуін ескере отырып, адамдардың өмірін, денсаулығын қорғау және Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден 14 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті.


3. Атырау облысының аумағында мынадай шектеу шаралары ұзартылсын:

1) Нұр-Сұлтан қ., Алматы қаласы., Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыты бойынша жолаушылар темір жол тасымалы тоқтатылсын;

2) әкімдік, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін, сондай-ақ жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда облыстың, қаланың, аудандардың және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қызметкерлерін қоспағанда, тұрғындар мен автокөлік қозғалысына сағат 00.00 ден 6.00 аралығында, жүруге тыйым салынсын;

3) думанды, ауқымды спорттық шара, көрме, форум, конференция, сондай-ақ, отбасылық,  еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шаралардың  өткізілуіне тыйым салынсын;

4) ойын-сауық орталықтарының (бильярд, компьютерлік клуб, кальян, букмекерлік  кеңсе, түнгі клуб, боулинг орталығы, кинотеатр және басқа да ойын-сауық мекемелерінің) қызметіне тыйым салынсын;

5) фудкорт, банкет залдары, бар, караоке қызметіне тыйым салынсын;

6) қоғамдық жағажай, аквапарк, аттракцион қызметтеріне тыйым салынсын;

7) COVID-19-ның одан әрі таралуының алдын алуға адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін алаң, саябақ, сквер, жағалауларда уақытша шағын бөлшек саудаға, улкендер мен балалардың ойын, жылжымалы құралдарын жалға беруге тиым салынады.

4. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысының қосымшаларында көрсетілген талаптарды қатаң сақтай отырып, Атырау облысының аумағында келесі жеңілдету шаралары қабылдансын:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорық, резеварт және басқалардың қызметін қайта бастауға (жеке және 15 адамнан аспай ұйымдастырылған топтар үшін, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы) рұқсат етілсін;

 2) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қалааралық, ауданаралық және қала маңындағы жолаушылар автобус тасымалына рұқсат етілсін;

 3) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, арасы 2 метр әлеуметтік арақашықтықты  сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы мәдени нысандар, кітапхана мен мұражайдың қызметіне және театрдағы 30 адамнан аспайтын ұжымдық дайындықтарға  сағат 10:00-ден 21:00- ге дейін рұқсат етілсін;

4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне (мешіт, шіркеу, собор, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жеке режимде рұқсат етілсін;

5) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бассейндердің қызметін жандандыру (алдын ала жазылу бойынша жеке форматта, 1 келушіге кемінде 5 шаршы метр су беті есебінен) рұқсат етілсін;

6) отыратын орындар санына сәйкес толтырып, қарбалас уақытта жүретін автобус санын көбейтіп, кондукторды қатыстырып, дезинфекциялау құралдарымен өңдеп және соңғы аялдамада барлық есіктерді ашып желдетіп, қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауға рұқсат етілсін;

7) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, сыйымдылығынан 30%-дан асырмай толтырып, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйінің (бутик), сауда желісінің қызметіне рұқсат етілсін;

8) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда 15 баладан аспайтын кезекші топтарын  ұйымдастыра отырып мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат етілсін;

9) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 5 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің  оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

10) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталық пен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне рұқсат етілсін;

11) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампа болған жағдайда бір адамға кемінде 5 ш.м. есебінен толтырып, жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорт секциялары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

12) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 ш.м. дейін қоғамдық монша мен сауна қызметіне сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат етілсін;

13) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы сыйымдылығының 30%-нан асырмай толтырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етілсін;

14) мемлекеттік органдардың (ұйым, кәсіпорын), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық  режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 80% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

15) меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдардың қызметіне алдын-ала тіркелу арқылы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің, аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып рұқсат берілсін;

16) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметін (қонақ үйлер) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат берілсін;

17) бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафе, мейрамхана және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан  23:00-ге дейін рұқсат берілсін;

18) күшейтілген санитариялық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, ашық ауада қызмет көрсететін құрылыс жұмыстарына, ауылшаруашылығы, балық және мал шаруашылығы жұмыстарына рұқсат берілсін;

19) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, автомобиль жуу, автомобиль жөндеу, шиномонтаж жұмыстарына және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету қызметіне рұқсат берілсін;

20) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және басқалар) қызметіне рұқсат берілсін;

21) ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО)  жұмысын портал арқылы алдын ала кезекке тұру бойынша ұйымдастыруға рұқсат берілсін Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBBot 2.0 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, күшейтілген дезинфекциялық-жинау режимін сақтай отырып жұмысына рұқсат берілсін;

22) күшейтілген санитариялық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын сағат 9.00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілсін және онлайн режимінде максималды қызмет ұсыну жұмысы ұйымдастырылсын;

23) алаң, саябақ, сквер, жағалауларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспай топтасып жүруге рұқсат берілсін;

24) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспайтын), ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан аспайтын, байланыссыз термометрияны пайдалана отырып, спорт базаларында тұрғанда) рұқсат етілсін);

25) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, қаржы нарығы субъектілерінің, екінші деңгейлі банктердің қызметіне шектеулі жұмыс уақытымен сағат  9.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат берілсін;

26) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалар қызметіне рұқсат берілсін;

27) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қала сыртындағы демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілсін;

28) отырғызу орындарының жалпы санынан 50%-дан артық толтырмай,әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катерлері қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;  

29) сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркет пен гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін.

30) контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептің; мектепалды, 1-4 сыныптардың оқушылары үшін ата-анасының өтініші бойынша сыныптың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне санитарлық нормалар мен ережелер сақтай отырып рұқсат берілсін;

31) 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат берілсін;  

32) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысындағы 4-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге (оларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда) рұқсат берілсін;

33) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат берілсін;  

5. Демалыс  және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

1) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

2) 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

4) Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

5) СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметін тоқтата тұруға;

6) балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің  оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының, фитнес орталықтарының, бассейндердің, жаттығу залдарының, спорт кешендерінің, монша мен сауналардың қызметін тоқтата тұруға;

7) «үйге жеткізу» принципі қызметінен басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне тиым салынсын;

8) саяхаттау катерлері қызметіне (өзен трамвайы) тиым салынсын.

6. Қала, аудан әкімдеріне, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілерге:

1) жоғарыда көрсетілген талаптарды орындауды қамтамасыз етсін;

2) жұмысы уақытша тоқтап тұрған (демалыс күндері) сауда орталықтары және сауда үйлерінде, базарда, қоғамдық көлікте, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің сауда орындарында, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыс жүргізілсін.

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің  2020 жылдың 20 тамыздағы №49 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес InfoKazakhstan.kz сайтынан электронды форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі немесе хабарлама негізінде объектілердің жұмысын жандандыруды қамтамасыз етсін;

4) объектілердің жұмысын қайта бастауға дайындығын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелсін.

7. Жұмыс істеп тұрған сауда объектілерінің меншік иелері міндеттелсін:

1) санитариялық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, объектілердің рұқсат етілген режимде үздіксіз жұмыс істеуін;

2) қызметкерлерде жеке қорғану құралдары болуын (медициналық маска, қолғап және т. б.);

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен бірінші қажеттілікке жататын тауарлардың, дәрі-дәрмек пен жеке гигиеналық құралдардың  бағасының өсуін болдырмауын;

4) азық-түлік өнімдердің буып-түйілген күйінде сатылуы (нан, кондитерлік өнімдер және кептірілген жемістер) қамтамасыз етсін.

8. Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын.

9. Атырау облысы ішкі саясат басқармасы Атырау қаласы әкімдігімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қосымша қабылданған шаралар туралы халықты жаппай хабардар етсін.

10. Атырау облысы полиция департаменті қосымша шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік шаралар ұйымдастырсын, жоғарыдағы талаптардың сақталмауы фактілері тіркелген жағдайда, дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдасын;

11. Жедел штаб шектеу шараларының орындалысына мониторинг жүргізсін;

12. Атырау облысы әкімі, қала және аудан әкімдері, мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары және Атырау облысындағы арнайы органдар қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыда бекітілген рұқсат пен тыйым салу шараларының орындалысын бақылауды;

2) қызметі рұқсат етілген нысандарда карантиндік шаралар мен санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды;

3) тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, құзыреті аясында тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды.

13. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.Ғайнеденов

Дереккөз: azh.kz