«Қайнармұнайгаз» ұжымы көмекке келді

05 тамыз, 2020

Қызылқоға топырағында орналасқан «Қайнармұнайгаз» кен орнының ұжымы аудан халқына өкпені жасанды желдетуге арналған 4 аппаратты сыйлады.

Карантин ережелерінің сақталуына орай, Қызылқоға ауданындағы жағдай қазір тұрақталса да, жергілікті мұнай мекемесі аппараттарды болуы мүмкін қауіптің алдын алу мақсатында шетелден арнайы алдыртқан.

Төрт аппараттың біреуі Мұқыр ауылдық округіндегі емханаға, қалған үшеуі Миялыда орналасқан аудандық орталық ауруханаға табысталды. Олар қажеттілікке қарай, алыс ауылдарда орналасқан емханаларға жеткізіледі.

Дереккөз: caspianlife.kz