Еңбек адамының игілігі үшін

08 қыркүйек, 2021

Мұнай–газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Уаз кен орнында жаңа әлеуметтік нысан - 30 орындық кең асхана ашылды. Бүгінде кен орнында ауысыммен 15 қызметкер жұмыс істейді.

Уаз кен орны 15 жыл бұрын сынамалы пайдалануға берілді берілген. Ашылған сәттен бастап игеріліп жатқан ұңғымалар саны 4-тен 66-ға дейін өсті. Шара барысында «Қайнармұнайгаз» МГӨБ бастығы Қайнар Қоданов атап өткендей, кен алаңының қызметкерлері ағымдағы жылдың 8 айында жоспарды табысты орындады. Биылғы жылы барлығы115 мың тоннадан астам мұнай өндіру жоспарланған.

- Бүгін кәсіби мерекеге орай мұнайшыларымыздың игілігіне кең, жарық, қажетті қондырғылармен жабдықталған жаңа асхананы ашып отырмыз. Компания осылайша жыл сайын жұмысшылардың алаңсыз еңбек етуі және демалуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап келеді, - деп атап өтті Қ.Қоданов. 

Жаңа нысанның ашылу салтанатына басқарма басшылығы, кәсіподақ комитеті өкілдері, кен орны мұнайшылары қатысты. Керілген лентаны басқарма бастығы Қ. Қоданов пен «Уаз-Қондыбай» мұнай-газ өндіру бөлімше бастығының орынбасары Мейрамбай Ахметов қиды.

- Мен 2003 жылдан бастап Ембі өндірісіндегі еңбек жолымды бастап, Уаз кен орны ашылғаннан бері табан аудармастан осы кеніште еңбек етіп келемін. Кен орнының қалыптасуы және мұнайшыларға жасалып жатқан жағдайлар – бәрі көз алдымда өтуде. Бұл өзгерістерді компанияның  қарапайым еңбек адамына жасаған қамқорлығы деп білеміз, - дейді шебердің міндетін атқарушы Талғат Бектілеуов.

- Өндірістен шаршап келгеннен кейін мұнайшы үшін ең бастысы – алдында дәмді және ыссы тағам мен жайлы демалыс орны күтіп тұрса – үлкен қамқорлық. Еңбек және демалыс жағдайларын жасап жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы басшыларына мұнайшылар атынан алғыс білдіреміз, - дейді мұнай-газ өндіру операторы Ерлан Тәжіғұлов.   

Естеріңізге сала кетейік, Уаз кен орнында «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы пилотты түрде іске қосылды. ЕМГ-да әзірленген әдістемелер бойынша төмендегі көрсеткіштерді өңдеу және талдау алгоритмдері автоматтандырылды: сұйықтық пен мұнай теңгерімі; мұнай шығындары; ұңғымалардың жұмыс режимдерін оңтайландыру және т. б. 2017 жылдан бастап жоба компанияның басқа кен орындарында таралуда. Жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұйымдастыру бөлімі

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.