Ембімұнайгаз: Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

14 шілде, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында компанияның қызметкерлері арасында вакцинация бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Мұнай-газ өндіру басқармаларына жұмыс сапарларына ЕМГ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, өндірістік бөлімшелердің басшылары және медицина саласының мамандары қатысты.

- Ұжыммен кездесу мақсаты -  мемлекеттік санитарлық дәрігердің соңғы қаулысыны түсіндіру, мұнайшыларды толғандырған сауалдарға жауап беру. «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерді вакцинациялауды ерікті түрде жүргізетінін атап өткім келеді. Сонымен қатар, компания кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін және өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті санэпидемиологиялық қызметтер талаптарын мүлтіксіз орындауды жалғастырады, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан.

Түсіндірме жұмыстары барысында мұнайшыларға ҚР аумағында қолданылатын вакциналардың құрамы мен тиімділігіне, олардың ағзаға әсеріне, вакцинацияға қарсы көрсетілімдерге және басқа да көптеген мәселелерге қатысты барлық толғандыратын сұрақтар бойынша толық ақпарат берілді. Мұнайшылар көтерген сұрақтарға жауаптар корпоративтік «Ембі тынысы» газетінде және компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде COVID-19 вакцинасын алған жұмысшылар саны екі есе – 8-ден 16%-ға дейін өсті. Вакцина алған 796 қызметкердің 403-і екінші компонентпен егіліп, вакцинация паспортын алды. Екпе алғандардың 50 пайызға жуығы – басқару аппаратының қызметкерлері. Қызметкерлерінің 29%-ы егілген ӨТҚжЖК басқармасының, сондай-ақ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мен «Ембімқнайэнерго» басқармасының жұмысшылары да өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетіп отыр. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ және "Доссормұнайгаз» МГӨБ-да вакциналау қарқыны өсуде.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұйымдастыру бөлімі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның Ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.