Ембіде өндірістік бөлімшелер басшылары ауысты

01 маусым, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ) басқарушы құрамын ротациялау шеңберінде «Қайнармұнайгаз» МГӨБ және «Ембімұнайэнерго» басқармасының жаңа басшылары тағайындалды.

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жаңа басшысы болып Қайнар Құлмағанбетұлы ҚОДАНОВ тағайындалды. Ол бұған дейін «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бас инженері болып еңбек етті.  «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның бұрынғы басшысы Мәлік Мұхышұлы ЖҮНІСОВ ЕМГ өндірісті жедел басқару департаментіне ауысты.

«Ембімұнайэнерго» басқармасының жаңа басшысы болып Ғабит Нұфтоллаұлы ИМАНҒАЛИЕВ тағайындалды. Ол бұған дейін ЕМГ энергетика департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Аталған басқарманың бұрынғы бастығы Жәнібекбай Сатыбалдыұлы ТӨЛЕГЕНОВ ЕМГ өндірістік-техникалық департаментінің бас энергетигі болып тағайындалды.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұйымдастыру бөлімі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның Ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.