Ембілік балалардың бақытты балалық шағы

01 маусым, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арналған ембілік мұнайшылар балаларының арасында «Менің бақытты балалық шағым» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды.  Байқаудың жас жеңімпаздарын марапаттау шарасы мереке күні бас кеңседе өтті.

- Жауапкершілігі мол Жұмыс беруші ретінде компания отбасылық құндылықтарды нығайтуға үлес қосып келеді. Бұл Ембі мұнайшыларының әлеуметтік пакетінде көрініс тапқан, ол жазғы демалысты ұйымдастыруда ата-аналарға материалдық қолдауды да көздейді. Бұған қоса, балалардың жан-жақты дамуы үшін шығармашылықтың маңыздылығын ескере отырып, компанияда жыл сайын қызметкерлердің балалары арасында байқау өткізіледі. Өздерінің шығармашылық жұмыстарында балалар ата-аналарының мұнай өндірісіндегі күрделі жұмысы, компанияның және мұнай-газ саласының болашағы туралы ойларымен бөліскен, сондай-ақ, карантин кезеңінің күрделі тұстары мен қиындығын жеткізген. Материалдардың ішінен үздік жұмысты таңдау қиынға соқты, сондықтан, 20 үздік жұмысты таңдау жөнінде шешім қабылданды, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙРЖАН байқау жеңімпаздарын марапаттау шарасында.

Биылғы байқауға  әр жанрдағы 57 жұмыспен 51 бала қатысты.  

 

«Мен ата-анам еңбек ететін Компанияның болашағын қалай көремін?»  номинациясының жеңімпаздары:

 

5-9 жас аралығында: 

Аянат Қайсар («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ);

Наиля Сансызбай («Жайықмұнайгаз»  МГӨБ);

 

10-12 жас аралығында:

Алдияр Сансызбай («Жайықмұнайгаз» МГӨБ);

Диляра Төлепова («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ);

Мөлдір Марат (Орталық басқару аппараты);

 

13-15 жас аралығында:

Құндыз Әнуарбекова («Доссормұнайгаз» МГӨБ);

       

«Менің әкем/анам ел дамуына қандай үлес қосып жүр?» номинациясының жеңімпаздары: 

 

5-9 жас аралығында:

Әсемай Бахтияр («Доссормұнайгаз» МГӨБ);

Айзере Ғаббасова («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ);

Көркемай Баймұхан («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ);

Нұрәлі Сансызбай («Ембімұнайэнерго» басқармасы);

Мәди Мұратұлы («Қайнармұнайгаз» МГӨБ);

Равиль Махсот («Доссормұнайгаз» МГӨБ);

 

10-12 жас аралығында:

Айғаным Дулатқызы («Доссормұнайгаз» МГӨБ);

 

«Отбасыңызда COVID-19 вирусына қарсы  қандай сақтық шаралары қолға алынады?»  номинациясының жеңімпаздары:

 

5-9 жас аралығында:

Ерасыл Ақниет («Қайнармұнайгаз» МГӨБ);

Аянат Самат («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ);

Ерасыл Әмірғали («Жайықмұнайгаз» МГӨБ);

Әмір Махамбет («Жайықмұнайгаз» МГӨБ);

Назерке Мейрамқызы («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ);

Эльнур Бағитова (Орталық басқару аппараты);

 

10-12 жас аралығында:

Іңкәр Нұрлыбекқызы («Қайнармұнайгаз» МГӨБ);

 

Барлық жеңімпаздар балалар дүкеніне сертификаттармен және дипломдармен марапатталды. Байқау демеушісі – ЕМГ орталық басқару аппаратының кәсіподақ ұйымы болды. 

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұйымдастыру бөлімі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның Ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.