Мұнайлы Ембі: Өндірістік жоспар орындалды. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда – жұмысшыларды вакцинациялау қарқын алуда

13 мамыр, 2021

2021  жылдың 12-мамыры күні Ембіге бас компаниялар басшылары – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен келді. 

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) өткен жиын барысында кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметі және қызметкерлерді COVID-19 вакцинациясымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

- Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 595 мың тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын. Жоспар толығымен орындалды. Компания пандемияның таралуының алдын алу бағытындағы іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда. Компания ұйымдастырған егу пункттерінің арқасында қызметкерлерді вакцинациялау қарқыны едәуір жеделдеді. COVID-19-ға қарсы екпе алған жұмысшылардың төрттен бір бөлігі 2 компоненттен тұратын вакцинаның толық циклын алды, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН. 

Бас компаниялар басшыларының сапары барысында ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек ҚАСЫМҒАЛИЕВ сандық трансформация бойынша Өндірісті жедел басқару орталығы аясында жүзеге асып жатқан «Интеллектуалдық кен алаңы» және басқа да жобалардың нәтижесі туралы баяндады.

Естеріңізге сала кетейік,  ЕМГ-да цифрландыру жобасын іске асыру жұмыстары 2016 жылы Уаз кен орнында («Қайнармұнайгаз» МГӨБ) «Интеллектуалдық кен алаңы» пилоттық жобасын енгізуден басталды. Ембінің «Интеллектуалдық кен алаңы» жобасы «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Қазіргі таңда аталған жүйе төмендегі кен орындарына таратылды:

  • 2017 ж. Прорва кен алаңдары тобына («Жылоймұнайгаз» МГӨБ): Сағидолла Нұржанов, Батыс Прорва, Досмұхамбетов, Ақтөбе;
  • 2018 ж. Жаңаталап («Жайықмұнайгаз» МГӨБ») және Шығыс Мақат («Доссормұнайгаз» МГӨБ) кен орындарына;
  • 2019 жылдан 2020 жыл аралығында - Шығыс Молдабек («Қайнармұнайгаз» МГӨБ) кен орнына.

2021 жылдың наурыз айында «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында  Жедел әрекет ету орталығы іске қосылды. Өндірісті басқару орталықтары өндірістік процестерді бақылауға, ұңғымалар мен өндірістік жабдықтардың жұмысындағы өзгерістер мен олқылықтарды тез байқап, қалпына келтіруге, осылайша ұңғымалар мен өндірістік жабдықтардың тоқтап қалу уақытын азайтуға, сол арқылы шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өндірісті басқару орталықтары базасында «Сапарларды басқару» жобасы аясында нақты уақыт режимінде автокөлік құралдарының жылдамдық режимін сақтауына, қауіпсіздік белдіктерін қолдануға, көлік жарықтарын қосуға, көлік жүргізу барысында жылдамдықты күрт арттыруға немесе  тежеуге және тағы басқаларға бақылау жүргізіледі.

Жобаның мақсаты – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында  жазатайым оқиғалар мен көлік апаттарының алдын алу. Сонымен қатар, автокөлік құралдарының қызмет ету мерзімі ұлғайып, техникалық қызмет көрсету және көліктердің тоқтап қалу шығындары төмендейді деп күтілуде.

Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.