Ембілік мұнайшылар игі істер эстафетасын ашты

30 сәуір, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 2022 жылы Компанияның атап өтілетін 100 жылдығына орай  игі істер эстафетасы бастау алды. Мұнайшылар эстафетаны дәстүр бойынша  Рамазан айында Атырау облысының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау көрсетуден бастады. 

- Компания тарихында мұнайлы Ембі ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып, Атырау облысы басшылығының бастамаларын қолдайды және күрделі жағдайға тап болған отандастар мен жерлестерге көмек көрсетеді. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Компания басшылығы Атырау облысының мүмкіндігі шектеулі 2 мың тұрғынын материалдық қолдауға 30 млн.теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, эстафета аясында Компанияның Орталық басқару аппараты қызметкерлерінің ерікті түрде жалақылары  есебінен  жиналған 1,4 млн теңге қаражатқа мұнайлы өңірдегі көмекке мұқтаж көп балалы  100 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика  және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

Айта кетейік, ЕМГ пандемиямен күресте әлеуметтік көмек ретінде  500 млн теңгеден астам қаражат аударды. Бұл қаражат дәрі-дәрмек алу үшін «Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қорына,  Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды,   провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету  үшін  жұмсалды. Жылыой аудандық аурухананы, Атырау қаласы Береке мөлтек ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық технникамен, гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етті.  2020 жылдың соңында компания Атырау облыстық әкімдігіне 7 мың 300 мүмкіндігі шектеулі балаға сыйлықтар алуға және 274 медицина қызметкеріне, оның ішінде, қайтыс болған  4 дәрігердің отбасына материалдық көмек негізінде 130 млн теңге бөлді.  

Сонымен қатар, 2020 жылы ембіліктер волонтерлік бастамамен карантиндік оқшаулауға алынған медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдау үшін 1 миллионнан астам теңге қаражат жинады. Оған қосымша, «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармаларындағы «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының бастамасымен мұнайшылар Исатай, Қызылқоға аудандарындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық шараларын жасады.

Жыл соңында ембіліктер өз еріктерімен жинаған 1,1 миллион теңгеге мамандандырылған балалар үйінің, «Шаңырақ» облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің, Атырау балаларды оңалту орталығының, Психологиялық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған  Бөбекжай-бақшасының, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның балаларына жаңажылдық сыйлықтар алынып, таратылды. 

  

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.