Ембіліктер ҚР Президенті жариялаған республикалық тал егу акциясына белсене қатысты

24 сәуір, 2021

2021 жылдың 24-сәуірі күні «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ұжымы бүкілқазақстандық «Таза табиғат» тұжырымдамасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатындағы «Бұл – менің ағашым» акциясына белсене қатысты.

- Жауапкершілігі мол жер қойнауын пайдаланушы ретінде біздің компания биыл Ембі аумағында 2800 тал егеді. Ағымдағы жылдың сәуір айында Атырау облысы әкімдігі мен ЕМГ арасында қол қойылған меморандум аясында компания 2021-2024 жылдар аралығында Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің Талғайран ауылында 243,2 га алаңға жасыл желек отырғызады, - деп атап өтті ЕМГ әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі тобының жетекшісі Бекет ГУБАЙДУЛЛИН.

Сенбілік күні Компанияға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелер – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ (Жылыой ауданы), «Доссормұнайгаз» МГӨБ (Мақат ауданы), «Жайықмұнайгаз» МГӨБ (Исатай ауданы), «Қайнармұнайгаз» МГӨБ (Қызылқоға ауданы), «Ембімұнайэнерго» және «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармаларының және Орталық басқару аппаратының (Атырау қаласы) ұжымы өз аумақтарында қарағай, үйеңкі, жеміс ағаштарының және т. б. көшеттер, жалпы алғанда 1150-ден астам тал екті. Ал, талдарды суару кен орындарының орналасуына байланысты кешенді тазарту қондырғылары және су тасушы көліктер арқылы  жүзеге асырылады.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жыл аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 189 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды.