Ембіде 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік қызметкерлерді атап өтті

28 қаңтар, 2021

Өткен 2020 жылдың наурыз айынан бастап еліміз коронавирус инфекциясы пандемиясы жағдайында өмір сүруде. Пандемия басталғалы бері  «Ембімұнайгаз» АҚ-да қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін компания нысандарында инфекцияның таралуына қарсы барлық қажетті іс-шаралар қабылданды. Барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде құрылған штабтар енгізілген төтенше жағдай мен карантиндік шектеулер режимінде жедел басқару органдарына айналды.

- Негізгі басқару шешімдерін орталық штаб қабылдағанына қарамастан, белгіленген шараларды жергілікті бөлімшелердің басшылары мен қарапайым қызметкерлері жүзеге асырады. Осы жұмыстардың қорытындысымен 2020 жылы пандемияның алғашқы толқыны кезінде өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскесінде жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін танытқан қызметкерлерді атап өту туралы шешім қабылданды. Компания басшылығының міндеті басқарушылық шешімдерді қабылдау ғана емес, сонымен қатар, әр деңгейде және әр ұжымда көшбасшыларды анықтау болып табылады. Олардың үлгілі қызметі өзге қызметкерлер үшін мотивация болады деп сенемін. Осы мақсатта «Жыл үздігі» номинациясын белгілеу және жыл сайын біздің компаниямыздың үздік қызметкерлері мен Ембі алдындағы шарттық міндеттемелерді ең жоғары деңгейде орындауды қамтамасыз еткен серіктестерімізді марапаттау туралы шешім қабылданды, - деп «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН басшылықтың шешімін түсіндірді.

 

2020 жылы COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан жеке үлесі мен абыройлы еңбегі үшін төмендегі қызметкерлер марапатталды:

 

Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары ТАСМАҒАМБЕТОВА Рысты Нұрғалиқызы ел мен аймақ басшылығы мойындаған компания мен Атырау облысы тұрғындарының мүддесі үшін жанқиярлық қызметіне «Жыл тануы» номинациясымен; 

 «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы СҮЛЕЙМЕНОВ Амангелді Тасқынбайұлы артық шығынсыз мол өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Жылдың тиімді менеджері» номинациясымен;

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы ШАНАЕВ Ғибатолла Толағайұлы штаттан тыс жағдайда өндірістік қызметті қамтамасыз еткені үшін  «Жылдың кризис-менеджері» номинациясымен;

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы ЖҮНІСОВ Мәлік Мұқышұлы ұжымдағы моральдық-психологиялық қолайлы климатқа қол жеткізудегі жетістіктері үшін «Жылдың тиімді басшысы» номинациясымен;

 «KMG EP-Catering» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры ХИСМЕТУЛЛИН Эдуард Ғаббасұлы пандемия кезіндегі табанды серіктестігі және ұжыммен бірлесе атқарған қалыпты жұмысы үшін «Жыл серіктесі» номинациясымен;

«Ембімұнайэнерго» басқармасының бас инженері БАЯМИРОВ Берік Жоламанұлы жас мамандарды дайындағаны және қолдау көрсеткені үшін «Жыл тәлімгері» номинациясымен;.

 «Доссормұнайгаз» МГӨБ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары  ҚОБЛАНДИЕВ Нұрлан Сәндіжанұлы өндірістік-құрылымдық бөлімшелерде жүргізілген қауіпсіздік жұмыстары бойынша қол жеткізген үздік жетістіктері үшін   «Жылдың қауіпсіз өндірісті ұйымдастырушысы» номинациясымен;

«Ембімұнайгаз» АҚ  еңбекті қорғау және өнеркәсіп  қауіпсіздігі бөлімінің бастығы БОХАЕВА Ақмарал Өтегенқызы пандемия кезінде короновирус инфекциясын таратпау мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін «Жыл қызметкері» номинациясымен;

Өндірістік – техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау группасының жетекшісі АЙДАРБАЕВ Аманжан Танатарұлы COVID-19 пандемиясымен күрес жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін «Жыл қызметкері» номинациясымен;  

 «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №2 мұнай және газ өндіру цехының бастығы АБЕЖАН Қуанғали Халидоллаұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жылдың цех бастығы» номинациясымен;

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай мұнай және газ өндіру цехының мұнай-газ және конденсат өндіру шебері ТАЙБУРИЕВ Жалғас Тұрғалиұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жыл шебері» номинациясымен;

«Доссормұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехының ұңғымаларды жөндеу шебері НҰРЖАНОВ Еламан Жақсығалиұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жыл шебері» номинациясымен;

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсарыдағы мұнайды дайындау және айдау цехының Қисымбай мұнай дайындау және айдау учаскесінің 4 разрядты тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғысының операторы УМИРОВ Есенжан Ұлықпанұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жыл шебері» номинациясымен;

 

Барлық жеңімпаздар «Жыл үздігі» статуэткаларымен және компания атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін «Ембімұнайгаз» АҚ орталық штабы 34 жиын өткізіп, 84 мәселені қарады. Қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында компанияда эпидемияға қарсы барлық іс-шараларды іске асыру үшін 2020 жылы 4 млрд 900 млн теңгеге келісім-шарттар жасау туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, қаражат коронавирус инфекциясына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға: қорғаныс құралдарын сатып алуға, санитарлық-гигиеналық шараларды өткізуге, ПТР тестілеуді ұйымдастыруға, вахталық кезеңнің ұзартылуына байланысты мұнайшыларға үстемеақы төлеуге және тағы басқаларға жұмсалды.

2020 жылы барлығы 21 мың 724 ПТР-тестілеу өткізілді. Қазіргі уақытта Компания бойынша барлығы 480 қызметкер вирус жұқтырған, олардың 477-сі сауығып, 3-еуі – үй карантинінде. «Ембімұнайгаз» АҚ-да COVID-19 салдарынан өлім жағдайы тіркелген жоқ.

  

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар: 

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09    

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жылдың 9 айы аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 119 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 392 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.