Қазақстанда COVID-19 пандемиясы басталғалы бері «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ) өндірістік нысандарда инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап келеді.

29 желтоқсан, 2020

Аурудың клиникалық белгілерінің көрінуіне байланысты 26.12.2020 ж. өткізілген ПТР тестілеу кезінде ЕМГ басқару аппаратының 3 қызметкерінде коронавирус инфекциясы анықталды.

Сол күні, вахталық ауысым негізінде жұмысқа жіберуге ​​арналған ПТР тестілеу кезінде «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның тағы бір қызметкерінің анализдері қорытындысы коронавирустық инфекцияның оң нәтижесін көрсетті.

27.12.2020 ж. ЕМГ басқару аппараты мен әкімшілік ғимаратта қызмет көрсететін мердігерлік мекемелердің жұмыстағы құрамына ПТР тестілеу ұйымдастырылды.

ПТР тестілеуінің нәтижелері бойынша 18 қызметкерден COVID-19 анықталды. Вирус жұқтырған барлық қызметкерлер оқшауланды және тұрғылықты жерлерінде ем алуда. Қызмет барысында науқастармен тікелей байланыста болған қызметкерлер анықталып, қайтадан ПТР тестілеу нәтижелері шыққанға дейін қашықтықта жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.

ЕМГ орталық кеңсесінде коронавирустық инфекция анықталуына байланысты барлық қызметтік, тұрмыстық және техникалық бөлмелерде дезинфекциялау жүргізілді. Сонымен қатар, орталық кеңсенің қызметкерлерін тасымалдайтын қызметтік көліктер де дезинфекцияланды.  

ЕМГ COVID-19-қа қарсы іс-шараларды жалғастыруда. Барлық әкімшілік ғимараттарға кіре берісте дезинфекциялайтын туннельдер орнатылған, жұмысшылардың күнделікті дене температурасы өлшеніп, компанияның барлық нысандарында қатаң санитарлық режим енгізілген. ЕМГ мен мердігер компаниялардың барлық қызметкерлері жұмыс орнына кіруге рұқсат алу үшін міндетті түрде ПТР тестілеуден өтеді.

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын компанияның және мердігер мекемелердің жұмысшылары ПТР-дің теріс сынақ нәтижесі мен карантин негізінде жұмысқа жіберіледі. Кен орындарынан шығу да тесілеудің теріс сынақ нәтижесі арқылы жүзеге асады. Вахта мерзімі 14 күннен 28 күнге ұзартылды.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері ЕМГ компания жұмысшыларына 20 025 ПТР сынағын өткізді. Пандемияның кезінде компанияның COVID-19 вирусын жұқтырған қызметкерлерінің саны 473-ті құрады, олардың 453-і емделіп шықты. COVID-19 оң нәтижелері анықталған барлық 22 жұмысшы бақылауда және анықталған белгілер бойынша ем алуда.

Медициналық сақтандырудан басқа Компания қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне жоғары сапалы медициналық көмек көрсету үшін COVID-19, тұмау және пневмонияға ұқсас белгілер бойынша арнайы медициналық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар: 

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09    

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жылдың 9 айы аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 119 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 392 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.