«Ембімұнайгаз» АҚ ерекше балаларға сыйлықтар алуға және медицина саласы қызметкерлеріне материалдық көмекке 130 миллион теңге бөлді

24 желтоқсан, 2020

Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған 247 бала ембіліктердің өз еріктерімен жинаған қаражатынан жаңажылдық сыйлықтар алынды.

- Жүз жылға жуық тарихы бар Ембі Атырау облысының дамуына үлкен үлес қосып, волонтерлық бастамамен қоғамның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына көмек кқрсетіп келеді.  Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында ерекше баларды қуанту бағытында игі дәстүр қалыптасты. Биылғы жылы компания Атырау облыстық әкімдігіне 7300 мүмкіндігі шектеулі балаға сыйлықтар алу үшін 70 миллион теңге бөлді. Сонымен қатар, 274 медициналық қызметкерге, соның ішінде, қайтыс болған дәрігерлердің 4 отбасына көмек ретінде қосымша 60 миллион теңге бөлінді. Және ұжым мүшелерінің өз еріктерімен жинаған 1,1 миллион теңгеге мамандандырылған балалар үйінің, «Шаңырақ» облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің, Атырау балаларды оңалту орталығының, Психологиялық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған  Бөбекжай-бақшасының, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның балаларына жаңажылдық сыйлықтар алынып, таратылды.  

Қиын экономикалық жағдайға және бюджетті оңтайландыру бойынша қабылданған шараларға қарамастан, ерекше балалардың көңілінен шығу және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін ерлікпен күрескен медицина қызметкерлерін қолдау туралы шешім қабылданды. Біз олардың ерліктерінің алдында басымызды иеміз, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

Айта кетейік, ЕМГ пандемиямен күресте әлеуметтік көмек ретінде  500 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Бұл қаражат дәрі-дәрмек алу үшін «Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қорына,  Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды,   провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету  үшін  жұмсалды. Жылыой аудандық аурухананы, Атырау қаласы Береке мөлтек ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық техникамен, гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Исатай, Мақат, Жылыой және Қызылқоға аудандық ауруханаларда блок-бекеттерді, дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыруға, әлеуметтік жағынан аз қамтылан тұрғындарға қайырымдылық қолдау көрсетті.

Ембіліктер волонтерлік бастамамен карантиндік оқшаулауға алынған медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдау үшін 1 миллионнан астам теңге қаражат жинады. Оған қосымша, «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармаларындағы «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының бастамасымен мұнайшылар Исатай, Қызылқоға аудандарындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық шараларын жасады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09    

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жылдың 9 айы аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 119 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 392 млн теңгеден астам қаражат аударды.

 «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.