Ембіліктер Тәуелсіздік күнін атап өтті

15 желтоқсан, 2020

Бүгін, 15 желтоқсан күні «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ) акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға Компания басшылығы, өндірістік құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі ӨҚБ) басшылары, ЕМГ орталық аппараты мен ӨҚБ қызметкерлері қатысты.

- Еліміз үш онжылдыққа жуық уақыт бойы қазақ халқының дәстүрлерін сақтап және көпұлтты бірлікті нығайта отырып, өзінің саяси және экономикалық дамуын айқындауда. 

 Мемлекетіміздің экономикалық жетістіктеріне көбінесе қазақстандық және Ембі мұнайшыларының арқасында қол жеткізгенімізді мақтанышпен айтамыз. Кетер жылда Ембі мұнайшылары пандемия және санитарлық шектеулер жағдайында үздіксіз мұнай өндіруді қамтамасыз етіп, қайсарлық пен қажырлы еңбекті тағы бір мәрте көрсетті, - деп ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН ембіліктерді құттықтады.

Салтанатты жиын барысында бірқатар ембілік маман жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен Компанияның қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін түрлі марапаттарға ие болды. Ең жоғарғы мемлекеттік награданың бірі – ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Терең-Өзек мұнай және газ өндіру цехының мұнай және газ өндіру операторы Демеген ЖОЛДАСОВ марапатталды. «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы Ғибатолла ШАНАЕВ ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медаліне ие болды. KАZENERGY Ассоциациясының медалі «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Гүлшат САМАЛИКОВАҒА табысталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен өндірісті жедел басқару департаменті өндірісті жедел басқару бөлімінің бастығы Әзидолла АХМЕТОВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ №1 Ботахан мұнай және газ өндіру цехы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бригадасының 5 дәрежелі жөндеуші слесарі Ербол ИХСАНОВ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №2 мұнай және газ өндіру цехының цех бастығы Қуанғали АБЕЖАН, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ № 1 «Қосшағыл» мұнай және газ өндіру цехының Ақінген кен орны бригадасының, мұнай және газ өндіру операторы Дүйсенбай КҮЗЕКЕНОВ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ механика-энергетикалық бөлімінің 1 санатты механигі Амангелді ДҮЙСЕМБАЕВ, ӨТҚжЖКБ өндіріске қызмет көрсету учаскесінің сылақшысы Бағытгүл КАЗЕНОВА, «Ембімұнайэнерго» басқармасы электрмонтаждау бөлімшесінің 5-дәрежелі электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері Сатжан РЫСПАЕВ марапатталды.

ЕМГ Алғыс хатын Басқарма төрағасы ЕМГ бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті бюджеттеу бөлімінің аға экономисі Самат КУЖАХМЕТОВҚА, «Доссормұнайгаз» МГӨБ арнаулы техника және автокөлік колоннасының Шығыс Мақат автоколоннасының көлік керуені механигі Болат НАҚПАЕВҚА, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №3 мұнай және газ өндіру цехының 5 разрядты мұнай және газ өндіру операторы Асхат БОРАНБАЕВҚА, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай мұнай және газ өндіру цехының слесарь-жөндеушісі Аманқос ҚАУКЕНОВКЕ,  «Ембімұнайэнерго» басқармасы «Доссор» аудандық электр торабының 4-дәрежелі электргазбен дәнекерлеушісі  Бахытжан САДЫҚОВҚА табыс етті.

Ембінің кәсіподақ ұйымының атынан ЕМГ Кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәлік ОРЫНҒАЛИЕВ ембіліктерді мерекемен құттықтап, инфрақұрылымдық нысандарды басқару жөніндегі департаментінің маманы Мұрат АХМЕТОВТЫ Құрмет грамотамен, құжаттармен қамту тобының құжаттарды жүргізуші Индира НҰРҒАЛИЕВА мен геологиялық барлау жұмыстары департаментінің аға геологы Айым ТАЖИЕВАНЫ Алғыс хатпен марапаттады.

 

 «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09    

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жылдың 9 айы аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 119 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 392 млн теңгеден астам қаражат аударды.

 «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.