Тәуелсіздік күніне арналған марапаттар

14 желтоқсан, 2020

Бүгін, 14 желтоқсан күні «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиын өтті. Пандемияға байланысты шектеу шараларына орай жиын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі ҚМГ) басшылығының және ҚМГ-ның Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы және ҚР-ғы өзге аймақтарындағы еншілес мекемелері ұжымдарының қатысуымен бейнеконференция форматында өтті.

Санитарлық талаптардың барлығы сақталған салтанатты жиынға ЕМГ-ден Компнияның және өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен басталды. 

- Кетер жыл оңайға соқпады. Өкінішке қарай, дүниежүзін жайлаған жұқпалы індет қазақ даласын айналып өтпеді. Дегенмен, өткен жылдармен салыстырғанда «ҚазМұнайГаз» бұл жолы сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне дайын болып шықты. Біз дереу дағдарысқа қарсы стратегия қабылдап, шығындарымызды қысқартуға кірістік. Бірақ біз өндірісте жүрген еңбек адамдарына басымдық беріп, олардың жұмыс орындарын сақтап отырмыз. Мұнымен қоймай жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша әрекет етудеміз. Мысалы, биыл Маңғыстау және Ақтөбе өңірлерінде әлеуметтік нысандардың құрылысына қаржы бөлінді, - деп атап өтті компаниялар тобы мұнайшыларын құттықтау сөзінде ҚМГ Басқарма төрағасы Алик АЙДАРБАЕВ.

Салтанатты жиын барысында мүнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі және жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін «Жайықмұнайгаз» МГӨБ  №1 мұнай және газ өндіру цехының кен қабаты қысымын сақтау шебері Жансейіт МҰХИДЕНОВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ  №2 Қарсақ мұнай және газ өндіру цехы №1 мұнай және газ өндіру бригадасының 5 дәрежелі операторы Берікжан ТУРИЕВ, «Кайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының көтергіш машинисі Асқар БЕКЕНОВ ҚМГ «Құрмет грамотасымен», «Доссормұнайгаз» МГӨБ Доссордағы мұнайды дайындау және айдау цехы Қарсақ-Ботахан-Байшонас бригадасының 4 дәрежелі технологиялық қондырғыларының жөндеуші слесарі Алтынбек БОЛҒАМБАЕВ ҚМГ «Құрмет белгісімен» марапатталды. Марапаттарды жұмысшыларға ЕМГ басшысы Е.Қайыржан табыс етті.

- 36 жыл бойы өндірістің басы-қасында жүргендіктен, тәуелсіздік жылдары мұнайшыларға жасалған қолдауды тікелей сезініп келдік. Бүгінгі таңда еңбек адамының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, олардың алаңсыз ортада еңбек етулері бірінші кезекке қойылып отыр. Осының барлығы – егемендігіміздің жемісі. Ембілік мұнайшылар Ұлттық компанияның басшылығына көрсетіп отырған қолдауларыңыз үшін ризашылығымызды білдіреді, - деп атап өтті ембілік Жансейіт Мұхиденов.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жылдың тоғыз ай аралығында ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 119 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 392 млн теңгеден астам қаражат аударды.

 «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.