Ембінің басшысы «Халық алғысы» медалімен марапатталды

03 желтоқсан, 2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 30 қараша күні елдің дамуы мен өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқан азаматтарды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов марапаттады.

Өз сөзінде аймақ басшысы Тәуелсіздік» және «Нұрсұлтан Назарбаев» ажырамас ұғымдар екендігін жеткізіп, Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі айрықша рөлін атап өтті.

- Елбасы – мемлекеттігімізді қалыптастырған тарихи тұлға. Тәуелсіздік жылдары барлық салада теңдесі жоқ ауқымды жобалар жасалды. Елбасы идеясынан бастау алған іргелі жобалардың барлығы тікелей өзінің бақылауымен, басшылығымен жүзеге асырылды.Қазақстанның дамуы мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси тұлғасына халқымыз ғана емес, әлем қайраткерлері де оң бағасын беріп келеді,- деді М.Досмұхамбетов.

Салтанатты жиын барысында М.Досмұхамбетов ҚР Президенті Жарлығымен Covid-19 пандемиясымен күреске қосқан үлесі үшін «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржанға «Халық алғысы» медалін табыс етті.

Айта кетейік, ЕМГ пандемиямен күресте әлеуметтік көмек ретінде  500 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Бұл қаражат дәрі-дәрмек алу үшін «Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қорына,  Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды,   провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету  үшін  жұмсалды. Жылыой аудандық аурухананы, Атырау қаласы Береке мөлтек ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық технникамын, гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Исатай,Мақат,Жылыой және Қызылқоға аудандық ауруханаларда блок-бекеттерді, дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыруға, әлеуметтік жағынан аз қамтылан тұрғындарға қайырымдылық қолдау көрсетті.

Ембіліктер волонтерлік бастамамен карантиндік оқшаулауға алынған медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдау үшін 1 миллионнан астам теңге қаражат жинады. Оған қосымша, «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармаларындағы «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының бастамасымен мұнайшылар Исатай, Қызылқоға аудандарындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық шараларын жасады.

  

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2020 жылдың 9 ай аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 119 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 392 млн теңгеден астам қаражат аударды.

«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.