Ембіліктерге елеулі еңбектері үшін алғыс білдірілді

17 қараша, 2020

17 қараша күні «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) өткен Директорлар кеңесі отырысында компанияның 2020 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындысы мен жоспарланған көрсеткіштері тыңдалып, басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

- Биылғы жыл коронавирустық пандемияға және көмірсутектер бағасының едәуір төмендеуіне байланысты әлемдік мұнай-газ саласы үшін ауыр болды. Осы қиын кезең мен экономикалық жағдайларда біз мұнай мен газды үздіксіз өндіру үшін жұмысшыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күрделі шешімдер қабылдауға мәжбүр болдық. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және қаржылық жағдайдың нашарлауына қарамастан, жоспарланған көрсеткіштер ОПЕК енгізген шектеулер шеңберінде орындалды және пандемиямен күрес мақсатында Атырау облысының әкімдігіне айтарлықтай қолдау көрсетілді. Директорлар кеңесінің, Басқарма мүшелеріне, өндірістік қызметкерлерге және мұнайлы Ембінің бүкіл ұжымына жалпы экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы еңбектері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаудағы жұмыстары үшін алғыс айтамын. Біз бұл қиын кезеңді бірге жеңетінімізге сенімдімін, - деп атап өтті ЕМГ Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі ҚМГ ҰК) Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Жақып МАРАБАЕВ.

Кездесу барысында Ж.Марабаев Директорлар кеңесіне жаңа мүшені - ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Сәулебай Мәлік Оралұлын таныстырды.

Жиынның күн тәртібінде Директорлар кеңесінің тапсырмаларының, есепті кезеңдегі ТҚҚ сатып алу жоспарының орындалысы туралы есептер де қаралды және басқа сұрақтар, 2021-2025 жылдарға арналған бюджет және бизнес-жоспар бекітілді.    

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан  бастап 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 177 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.